Қазақстанның заманауи өнеріндегі көп қырлы дарын – І. Жақанов

ХХ ғасырдың  талабы адамның бірнеше саланы игеруі болып табылса, Қазақстанның қазіргі мәдениетінде ондай тұлғалар көп емес. Солардың бірі – І. Жақанов. Осы орайда, зерттеуіміздің мақсаты – Ілия Жақанов шығармашылығын сан-салалы бағытын жан-жақты қарастыру.

Зерттеудің міндеттері:

1) І.Жақановтың сан-салалы өнеріне шолу жасай отырып, автордың  ән шығармашылығын, зерттеушілік-публицистикалық еңбектерін қарастыру;

2) І.Жақановтың заманауи Қазақстан мәдениетіндегі орнын айқындау.

Зерттеудің әдіснамалық негіздері:

Жұмыс барысында қазақтың дәстүрлі және заманауи бұқаралық әндерін зерттеген ғалымдар Б.Ерзакович, М.Ахметова, А.Байғаскина, А.Темирбекова, С.Елеманова, Д.Ахметбекова, Г.Абрахман, М.Мылтықбаева және т.б. еңбектеріндегі пікірлер ескеріліп, нұсқаларды талдау профессор Б.Қарақұловтың құрылымдық әдіснамасына негізделді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы зерттеу материалдары мен нәтижелері арнайы орта және жоғары орындарда оқытылатын «Заманауи қазақ музыкасының тарихы», «Музыкалық сын мен журналистика», «Қазақ әнінің монодиясы», «Этносольфеджио» пәндеріне өзек бола алады. Сонымен бірге, зерттеу нәтижелері «Дәстүрлі музыка және ХХ-ХХІ ғасырдағы музыкалық мәдениет арасындағы дәстүр жалғастығы», «Бұқаралық музыканың ерекшеліктері» т.б. тақырыптарда зерттеуге септігін тигізетініне сенімдіміз.

Қазіргі таңда Ілия Жақанов – танымал сазгер, тамаша жазушы- драматург, «музыкалық радиопьеса»  жанрының негізін салушы, телехабарлар жүргізуші әрі суретші ретінде танымал.

Дарынды тұлғаның сазгерлік қырын қарастыру мақсатында  баяндамада негізіне Ілия Жақановтың «Доссор вальсі» Атырау, 2006 жылы атты жинағы алынды. Бұл кітапқа соңғы жылдары туылған еліміздің Батыс өлкесінде тұрғанда сол аймаққа арналып жазылған әндермен қатар, өткен ғасырдың соңғы ширегінде шығып кең тараған әндер топтасқан.

Сазгер ретінде Ілия Жақановтың 200 аса әні бар. Олар: вальс, романс, элегия, серенада, т.б. алуан түрлі жанрларды қамтиды.

«Доссор вальсі» жинағына кіргізілген 31 шығарма лирикалық әндер және вальстерден құралған.  Жинақтың туындыларын талдау нәтижесінде төмендегідей ерекшеліктер анықталды:

  1. І.Жақанов ХХғасырдың атақты жазба ақындары –Жұбан Молдағалиев, Сәкен Сейфуллин, Қасым Аманжолов, Ақұштап Бақтыгереева, Мұзафар Әлімбаев және т.б. мәтіндеріне ән шығарған. Сонымен бірге өз шығармашылық шабытын дәл жеткізу мақсатында 14 әннің мәтіні өз қаламынан шыққан.
  2. Образдық жүйесі бойынша І.Жақанов таңдаған мәтіндер махаббат лирикасы, туған жер туралы ән, табиғат туралы ән және т.б.топтарға бөлінеді. Көрсетілген жіктеу сазгер туындыларының образдық жүйесі замандас әріптестеріне ұқсас екенін байқатады. Маңызды ерекшелігі І.Жақанов шығармашылығында қырғыз мәдениетіне атап айтқанда Ш.Айтматовтың әдеби туындыларына қызығушылығынан және әсерлендігінен туған әндердің болуы.
  3. Жинақ өлеңдерінің ішіндегі сегізі дәстүрлі 11 буынды поэзиялық өлең өлшемінде негізделсе, 7-8 буынды өлшемге нұсқа, ал қалған әндер 9,10 буынды және аралас өлшемді өлеңдер өлшемге сүйенеді.
  4. Өлең мәтіндерінің құрылымы көбінесе дәстүрлі төрт тармақты және 19 ғасырдың соңында ұлттық композиторларымыз Жаяу Мұса, Абай енгізген 8 құрылымдар.
  5. Қарастырылған нұсқалардың басым көпшілігі шумақты- қайырмалы және шумақты құрылымдарда шығарылған. Бірқатар әндердің құрылымы шумақтық болғанымен, олардың соңғы екі жолы қайырма ретінде қайталанады. І.Жақанов музыкалық-поэзиялық нұсқаларының құрылымдық бұл қырынан өзінің  ән шығармашылығына ұлттық реңмен бірге көрші отырған ұлттық музыкалық мәдениеттердің ерекшеліктерін тоғыстарған Жаяу Мұса мен Абайдың әсерін байқауға болады. Дәстүр жалғастырудың бұл жолы І.Жақановтың өзінен бұрынғы және өзіменен замандас әріптестерінде де байқалады.
  6. Ұлттық музыкалық мәдениетпен сусындаған І.Жақанов ән әуендерінің көбін домбыра бұрауына ыңғайлап жазған. Сол себепті, бірқатар шығармаларында Жетісу, Шығыс Қазақстан, шекаралас елдердегі отандастарымыздың музыкалық мәдениетінде жиі кездесетін пентатоникалық және аралас дыбыс қатарындағы саздар кездеседі. Сонымен қатар, Кеңес дәуірінде туылып, Еуропа музыкалық мәдениетімен жақсы таныс болғандықтан, эолиялық мажор, ионилық және гармониялық минор ладтық жүйелерін қамтитын бірқатар әндері де бар. Минорлық бағыт сазгердің ойын тербетуге өте жиі баратын саласы.
  7. Ырғағы жағынан әндерін екі топқа бөлдік. Олар меложолды тұтас, кідіріссіз айтылатын әндер және әр мелобунағы дербес әуендер болып келеді.

Ілия Жақанов музыка жайлы публицистика саласында да танымал. Оның баспадан  жарық көрген көптеген кітаптары бар. Оларбатыс еуропа және қазақ өнерінің ақиықтарын көркем бейнелеп беретін эссе, роман, повесть, очерк арқылы жеткізеді. 1968-1969 жылдары І.Жақановтың «Қайта оралған ән» , «Қош бол, вальс» атты повестері жазылған соң, 1990 жылы жарық көрген атақты «Ықылас» романы күйшінің өнерге құлаш ұра бастаған жастық шағы, өнеге тұтқан ұстаздары – ақын Шөже, қырғыздың Күреңкей қомызшының ықпал-әсері және күйшінің «Қоңыр», «Ерден», «Жезкиік», «Аққу», «Кертолғау» секілді т.б. күйлерінің шығу тарихы жан-жақты суреттеледі.

Осы көркем туындылардың ерекше тобын – 8 радиоспекталь, телеспектальдерге, телефильмдерге  сценаларийлері бөлек жанрлық топ құрайды. Тележүргізуші ретінде ол дәстүрлі ән мәдениетінің жауһары «Біржан сал», «Ақан сері», «Үкілі Ыбырай», «Естай әнші», «Жаяу Муса», «Мәди», «Майра», «Балуан Шолақ» және Қазақстан композиторлары М.Төлебаев, Латиф Хамиди, С.Мұхамеджанов, Қ.Мусин, Б.Байқадамовтардың көркем шығармашылығын бейнелеген. Жазушы «көркем эсселер» деп атаған жанрда А.Жұбанов, Л.Хамиди, К.Бәйсейітова, Е.Брусиловский, Ж.Омарова, Б.Байқадамов, С.Кәрімбаев, Р.Елебаев, Ж.Елебеков, Ш.Қаладаяқов, Ә.Еспаев, М.Майшекен сияқты әншілер мен композиторлардың сомдалған.

Соңғы жылдары композитор сазгерлікпен бірге суретшілік өнерді де ұштастыруда. Оның суреттері негізінен портрет және пейзаж  жанрын қамтиды. Суретшінің өзі музыка мен бейнелеу өнері бір-бірімен сабақтас деп есептейді. Суреттері негізінен, ән образдарын  бейнеленген.

Чюрленис, Арнольд Шенберг және т.б. дарынды тұлғалар жолын жалғастырған көп қырлы өнерпаз І.Жақанов Қазақстан өнерінің тарихында өзіндік із қалдырары даусыз!

Ілия Жақанов туралы қанша айтса да тауысу қиын. Оның сегіз қырлы феномендегі туралы сөз жыраулардың талай толғауларындай, күйшілердің домбыра күмбіріндей төгіле береді. Бүгінгі күні кең байтақ республикамыздың бар аймағын, бүкіл алты Алашты Ілия Жақанов әндері құшағына алып, бауырына қыса, ғажайып сазымен баурайды. Қазір Ілия Жақанов әні қазақ даласының мөлдір самалындай есіп тұр….

 

Тілекші ЖАЙМУХАНОВА, музыковед, 4 курс

,

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *