Өр Алтайдың дарынды күйші, өнер саңлағы әділ би, Бейсенбі Дөненбай ұлы жөнінде тарихи дерек

Бейсенбі Дөненбай ұлы 1803 жылы Шығыс Қазақстан Алтай аймағы  Буыршын  ауданы  Оймақы  ауылында туып, 1872 жылы қайтыс болды.

Алтайдың ар жағындағы қандастарымыз әділ би, асқан домбырашы, сазгер Бейсенбінің басына үлкен кесене тұрғызды. 200 жылдық мерейтойына  орай, жергілікті Мемлекет басшыларының қолдауымен атқарылған бұл іс-шараны барша қазақ халқының ұлылығы, оған деген басқа ұлттың мейрімділігі деп білеміз.

Бейсембінің шығармашылығы жөнінде әңгіме қозғамас бұрын Шығыс Қазақстан музыка мәдениеті, оның ішінде домбыра аспабында  күй төгуші сазгерлерге тоқталсақ, Байжігіт бабамызды айта кетпеу қиянат болар.

Шертпе күй тармағына Байжігіттей терең үңілген сол заманның күйшілері көмескі екені айғақ. Осы  қасиеттен болар Шығыс Қазақстан, Алтай, Тарбағатай, Шұбартау, Семей  т.б  жерлерде осы күй мақамымен қанат жайған саңлақтар көп деуге толық негіз  бар.

 Алтай өңірін мекендеген, Байжігіттің шертпе дәстүрін ары қарай дамытқан, қазақ халқының  қара қылды қақ жарған әділ биі болған, дарынды сазгер домбырашы, күйші Бейсенбі Дөненбай ұлы туралы тарихи дерекке үңілсек.

Қазақ халқының ауыз әдебиетінің ұлылығын, еске сақтау қаблетінің ерекшелігін атап айтуымыз керек. Ол үлкен халқымыздың қазына жетпес  қасиетінің ұлылығы десек қателеспейміз. Сол Бейсенбі күйші Байжігіт бабасының күйлерін ойнап, тарихын айтып отыратын деген деректер халық ауыз әдебиетінде кезігеді. Оған бас имеске шара жоқ.

1836 жылы аға сұлтан Құнанбай бастаған Қазақ зиялылары Алтайда төрт би сайлайды. Солардың ішінен, сөзге шешен көзге ерекше түскен Бейсенбіні  төбе би етіп тағайындайды. Сол Бейсенбі би адал да, ақылды, дүниеге кең көңілімен, ашық та парасатты мінезімен, әділ билігімен, Алтайдың адал да, әділетті мемлекет қайраткеріне айналады.

Бейсенбі билік айтарда қасиетті қара домбырасын өзіне ақылшы, жансерік етіп, халық ерекше ықыласпен қабылдайтын күй өнерін пайдалану арқылы шешімі күрделі дау-дамайға тура, әділ шешім жасап отырған.

Бейсенбі күйлері, негізінен шертпе күй мақамында. Өзіндік ерекшелік қол таңбасын қалдырған, музыка тілімен айтсақ, оң қолдың қағу  түрлері, өлшемді такт түрлері шығарманың соңына дейін сан алуан өзгеруінде. Бейсенбі күйлерінің ерекшелігі, бір-біріне жанаспайтындығында.

Кеңес атты күйлері «Кеңес басы», «Бас кеңес», «Төрт бидің кеңесі», Бодам кеңес», Көк иірім кеңес», «Жай кеңес», т.б. билік айтар кезінде ойнаған «Тансаңшы» атты  күйдің қысқаша тарихына тоқтала кетсек.

Сол заманның бір азаматы нағашы жұртына жаяу-жалпы келе жатса керек. Алдынан жер қайысқан қалың жылқы кезігеді, соны тамашалап келе  жатқан жолаушыны ұры деп ойлаған жылқышылар, қол-аяғын матап би алдына әкеледі. Соны сезген Бейсенбі би, домбырада, ұрымын деме, «Тансаңшы» деп күй төгеді, домбыра үнін түсінген жолаушы жігіт, мен   жолаушы қонақ едім деп құтылған екен. Бұл бір ғана мысал.

Кеңес күйлерінен басқа тақырыпты күйлері өте көп. Ерлік туралы, табиғат туралы, аң, жылқы, өмір туралы, т.б лирикалы күйлерімен, толғаулары.

Бежеңнің (Бейсембіні халық арасында осылай атап кеткен) лирикаға толы «Ажар» күйінің  шығу  тарихына тоқталып өтсек.

Бейсенбінің қиыннан қиыстырып сөз табатын шешендігіне, күй ойнау ерекшелігіне құмар болған ағайын-туған жібермей, неше күндей қонақ етеді. Қазақ дәстүрінде ауылдың алты ауызын айтып, қонақ кәдесін алатындығы, қонаққа күй тарттырып, ән салдыруы бүлжымас салт-сана еді. Сол ауылдың Ажар атты қызы қонақтардың құрметіне ән арнап сый көрсетіпті. Әнші қыздың бұлбұлдай сайраған үні, әдепке толы биязы қимылын домбыра күйіне  салып, күйдің атын  «Ажар» деп  қояды.

Көнеден жеткен қазынаны асыл мұра етіп, болашақ ұрпақтың игілігіне, игеруге ортақ борышым деген «Бабаның еккен байтерегі балаға  сая» дегендей, Өскемен қаласындағы ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер колледжінің жанынан 1995 жылдары құралған қазақ халық аспаптар оркестрінің алғашқы дирижері ҚР-мәдениет қайраткері Т.Баяхов Бейсенбінің  «Теңселме» күйін оркестрге түсіріп көрерменге тарту етті. Күй көркем де, тартымды орындалды. Оркестрдің алғашқы партиясын сыбызғы аспабы (флейта) дәл күйдің аты айтып тұрғандай «теңселмеші-теңселме» деп басын бастап, қалған аспаптарда сайрап тұрғандай. Немесе, күй әуенінде адам тілін қайталауы дәлме-дәл күй авторы  Бейсенбінің композиторлық ерекше дарын  иесі екендігін көрседі.

Бейсенбі күйлерінің тарауына екі ғасырдан асқанына қарамай, халқының жүрегінде жүз елудей күйі, оның ішінде қырықтан астам әр түрлі атаудағы «Кеңес» күйлері сақталған. Қазіргі осы күйлердің алпысы нотаға түсіріліп, Қытай халық Республикасындағы қандастарымыз кітап етіп шығарған. Қалған күйлерін екінші кітапқа дайындау үстінде.

Жоғарыда  айтылғандай  әділ  би, дарынды  халық  композиторы  Бейсенбі  Дөненбайұлының  халқымыздың  аспаптық  музыкасы  домбыра  күйлеріндегі  өрнектеріне  тамсанып  таң  қалмасқа  шара  жоқ.

Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы

Шығыс Қазақстан Өнер колледжі

Қазақ халық аспаптар бөлімінің оқытушысы

Сейманова Г.З.

, , , ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Срок проверки reCAPTCHA истек. Перезагрузите страницу.