XLII Халықаралық дәстүрлі музыка конференциясы

2013 жылдың 11-17 шілдеде Шанхай консерваториясында ұйымдастырылған 42-Дәстүрлі музыка халықаралық кеңесінің (ICTM) дүниежүзілік конференциясында әлем халықтары мәдениетінің, музыка және би өнерінің кешегі, бүгінгі, ертеңгі мәселелері көтеріліп, жан-жақты талқыланды. Басты мақсаты – әлем халықтары мәдениетін жаңғырту, ұлттық дәстүрлі музыканы насихаттау, халық бірлігін нығайту.

Конференцияға АҚШ, Туркия, Ресей (Москва, Таулы-Алтай, Якутия,) Жапония, Венгрия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан сияқты 56 мемлекеттерден 500-ден аса этномузыкатанушы-ғалымдар қатысты. Олардың ішінде Джулиет ОБРИЕН (Гон-Конг Университет), Мария Кристин ПАРЕНТ (Университет Монреал), Нинг Инг (Орталық музыка Консерватория), Ли Ия (Шанхай музыка консерватория), Сильвия ЛЕ БУМИН (Тарих ұлттық музей, Париж), Дон НИЛС (Папуа Жаңа Гвинея зерттеу Институты), Дженни ГЭЙМ-ЛОПАТА (Жаңа Англия Институты), Джордж МЮРЕР (Нью Йорк Қалалық Университет), Дан ЛЮНДБЕРГ (Швед фольклорлы және джаз музыкасын зерттеу орталығы), Окан Мурат ӨЗТҮРК (Башкент Университет), Кэй Кауфман ШЕЛЕМАЙ (Гарворд Университет), Сюзанна ЖУРКОВА (Чарльз Университет, Прага), Алла СОКОЛОВА (Адыгея Университет), Елена Шишкина (Астрахань фольклор орталығы), Разия СУЛТАНОВА (Кэбридж Университет) және т.б.

IMG_6734

Қазақстаннан Саида ЕЛЕМАНОВА, Гульнар АЛЬПЕИСОВА, Меруерт ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, Базаралы МҮПТЕКЕЕВ (Қазақ ұлттық өнер Университет, Астана), Әлия САБЫРОВА, Баян АБИШЕВА (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория, Алматы), Бағлан БӘБІЖАН, Корлан КАРТЕНБАЕВА (Алматы музыкалық колледж, Алматы) конференцияға қатысты.

Конференция ұйымдастырылған Шанхай қаласы – теңіз жағасындағы қала, Қытайдағы экономикалық орталықтардың бірі, жол торабы. Елдегі ең ежелгі қала. Халықтың саны 24 млн. Ол ескі мен жаңаның, ол көне мен су жаңаның, шығыс пен батыстың, Еуропа мен Азияның аралас-құралас кейпіне енген ерекше, әр түрлі халықтар мәдениетінің шоғырланған қаласы. Сол қалада орналасқан Шанхай консерваториясы – қытай және қытайда мекендеген аз халықтардың дәстүрлі, ритуалды музыкасының Қытайдағы ғылыми-зерттеу орталығы және тарихы мен фольклорлық архивы болып табылады.

P1000834

Кең көлемді бұл конференция өте жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған. Ресми ашылуы Шанхай консерваториясының концерт залында өтті. Ашылу салтанатында ICTM Президенті Эдриен Кэпплер және Шанхай консерваториясының Президенті Ксю Шуя құттықтау сөз сөйледі. Конференция барысында көрмелер, шеберлік класстар және әлем халықтарының мәдениеті, музыкасының келелі мәселелер бойынша бірнеше секцияларда 500-ден астам баяндамалар жасалды. Конференция барысында қазіргі ғылымның даму деңгейін, кандай зерттеулер жүргізіліп жатқаны байқалды. Қазақстаннан барған зерттеушілері С. Елеманова, М.Құрманғалиева, Б. Бәбіжан қазақ халқының әншілік дәстүрі мен сал-серілері, Б. Мүптекеев Жетісу аймағының күйшілік жәстүрі жайлы, Г.Альпеисова этносольфеджионың оқытылу барысы, А.Сабырова қазақ ән-күй өнеріндегі құстардың семантикасы, К. Картенбаева этнооргонология саласындағы зерттеу, соның ішінде жетіген аспабы, Б. Абишева қазақ халқының «Ортеке» өнері жайлы зерттеулерден баяндамалар ағылшын тілінде оқыды. Қазіргі заманда ғылымның даму жолы ағылшын тіл білімінің дамуымен байланысты. Ағылшын тілін білу арқылы қазақ музыкасын, зерттеулер мен ғылымда болып жатқан тың жаңалықтарды, жалпы мәдениетін дүниежүзіне таныстыруға жол ашады. 2015 жылы Астанада ICTM конференциясына басқа да Қазақстанның ағылшын тілді ғалымдар, этномузыкатанушылар катысады деп үміттенеміз.

Жеті күндік конференцияда пленарлық және секциялық мәжілістерде практика, дәстүрлі музыка мен билерінің сақталуы мен қолданылуы және зерттелуі Оңтүстік-Шығыс Азия халықтарының орындаушылық өнері, Жерорта теңізі халықтары мәдениеті, Оңтүстік-Шығыс Европа халықтарының музыкасы мен билері, Этномузыкатану, Шығыс Азия музыкасы, Multipart музыка, Араб әлемінің макамы мен музыкасы, орындаушылық өнердің иконографиясы, түркі тілдес халықтардың музыкасы, Африка музыкасы, Океания музыкасы мен билері, аз халықтардың музыкасы және т.б. мәселелері талқыланды.

20130711_193514

Конференция құрметіне қытай дәстүрлі музыкасы, оның ішінде пекиндік (Beijing, kungu) дәстүрлі опералары, Қытай «жібек және бамбук» дәстүрлі, заманауи халық аспаптары музыкасы, яғни ішекті және үрмелі аспаптар ансамблі, ұрмалы аспаптар ансамблі, ерекше экологиялық (yuanshengtai), «Оңтүстіктегі түсті бұлттар» Қытайдағы Юнань провинциясындағы аз халықтардың музыкасы, «Шығыс Азия түні» Қытай, Жапон, Корея және Вьетнам халықтарының дәстүрлі және заманауи музыкасы, «Теңіз жаңғырығы» Шанхай қалалық музыкасы сияқты көптеген концерттер өткізілді. Қытай дәстүрлі музыкасы қазіргі заман музыкасымен байланысып, қазіргі тілде шебер жеткізілді. Концертті тамашалауға келген көрермен қауым қытай және де басқа халықтар мұрасының құнды қазыналарымен қауышты.

Сонымен қатар Қытайдан және басқа елдерден келген танымал өнерпаздармен конференция қонақтары шеберлік класстарда өзара тәжірибе алмасты. Атап айтқанда, «қытай дәстүрлі ұрмалы аспаптар музыкасындағы люгуджингтің қолданылуы мен мінездемесі» Peng Yu (Шанхай консерваториясы), «заманауи Тао» Randy Raine-Reusch (музыкант-композитор), «Сибериядағы көмеймен айту» (Тува, Монғолия) TRAN Quang Hai (Ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы. Париж) және т.б.

Конференция барысында үш бағыттағы Шанхайдың тарихи жерлеріне экскурссия жүргізілді. Шығыс Қытай теңізінің және Хуанпу, Лу Цзя Зуй өзендерінің жағалауындағы алып ғимараттарға, «Ай қайығы» (бұрынғы Сауд Аравия павильоны, World Expo 2010) аталатын архитектурасымен Үлкен шанхай театрына, Чжэцзян провинциясындағы Су қаласы Уижен қаласына қайықпен Храм Гуань Юй, Вода Пекин-Ханчжоу Гранд-каналдарына, Қытайдың шығысындағы тарихи жер «Жер жәннаты» Сучжоу, Мин и Цин династиясында тұрғызылған ғимараттар, әсіресе Жуоженг Юан бағы және т.б.

Ғалымдар ұсынған баяндамалар әлем халықтары мәдениетінің өзекті мәселелерін көтеруімен, терең мазмұндылығымен конференцияға қатысушы жұртшылықтың ықыласы мен ризашылығына ие болды. Конференция қатысушыларына баяндама мәтіндері кітап түрінде ұсынылды.

ТҮРКСОЙ ұйымы өкiлi бас хатшысы Дүйсен Қасейінов пен Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор С.Ж.Еркімбеков де әдейілеп келіп, конференция басталғаннан басы-қасында болды. Конференцияның жабылу салтанатында ТҮРКСОЙ бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, дәстүрге айналған ICTM конференциясы 2015 жылы Қазақстанда Астана қаласында жалғасын табатынын айтып, барлық конференцияға қатысқан музыканттар мен этномузыкатанушы-ғалымдарды шақырды. Сөз соңында Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, белгілі ғалым С.Елеманованың көмегімен «операторлық өнер» бөлімінің 3-курс студенті Сүйінбике Сүлейменова дайындаған Астана туралы бейне-баян көрсетілді. Сонымен қатар, Бағлан Бәбіжан қазақтың әншілік өнерінен Арқа, Батыс, Жетісу дәстүрлерінен әндерді тарту етті.

Сөз соңында, демеушілік көрсеткен Қазақстан тұңғыш президентінің қорына және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, Қазақстан Республикасы Халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Премиясының лауреаты, профессор Әубәкірова Жәния Яхияқызына түсіністікпен қарап, мұндай конференциялар әрбір зерттеуші мен оқытушылардың үшін маңызды екенін түсініп, кәсіби деңгейінің жоғарылуына септігін тигізіп, бізге қаржылай көмек көрсеткені үшін мың алғыс айтқымыз келеді.

Баян АБИШЕВА, музыкатанушы

, ,
Один комментарий на “XLII Халықаралық дәстүрлі музыка конференциясы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *