Нұрғиса Тілендиевке арналған Нұркен Әшіровтің «Жыр-қисса»

13-наурыз күні Жамбыл атындағы филармонияда Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің  90-жылдығына арналған ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Әшіровтің «Жыр-қисса» атты кеші өтті.

Кеш барысында Н.Тілендиевтің халқымыздың саз әлемінде өзіндік орны бар шығармалары орындалады. Бұл өнерде де ұрпақ сабақтастығы бар екенін, ұлы композитор Нұрғиса қалдырған дәстүрлі музыканы жалғастыршы – музыка әлемінің ертеңі бар екенін көрсетті.

Кеш шымылдығы Н.Тілендиевтің рухына арналған «Нұр ағам, жыр ағам» атты терең толғаныстан тұратын күйімен ашылды. Шығарманың авторы – кеш иесі Н.Әшіров.

Одан кейін А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектебінің (РКСМШИ – найти перевод на каз.языке) «Талас» ансамблінің сүйемелдеуімен Н.Тілендиевтің «Аңсау» күйі орындалды. Шығарма орындалу барысында Нұрғисаның ескерткішіне тағзым ету видеосы қосылды. Бұл көрермендерге ерекше әсер етті.

Кеш иесі Құрманғазының техника жағынан қиын күйлерінің бірі «Терісқақпайды», «саз зергері» Қазанғаптың «18 жасар Балжан қыз» күйлерін аса шеберлікпен орындады.

Концертте Н.Тілендиевтің «Жекпе-жек», «Аққу», «Әлқисса», «Махамбет» күйлері орындалды. Ол  20-дан астам кино, мультфильмдерге музыка жазған, солардың ішінде «Қыз Жібек», «Менің атым-Қожа», «Ақсақ құлан» сияқты қайталанбас туындыларды атап кетуге болады. Нұрғисаның «Ақ сәулем» әнін консерваториямыздың студенті Ақылбек Табанбаев жақсы орындап шықты.

Нұркен Әшіров орындаушылық қана емес, композиторлық қырынан да танылып келе жатқан дарынды өнер иесі. Концерт барысында оның саз-сырнайға арналған «Балдырған» пьесасын ансамбльдің сүйемелдеуімен жас дарын Айгерім Аяпова орындады. Бұл шығарма өте көңілді, жарқын әуенде жазылған және маған өте ұнады. Сонымен қатар биылғы Қазақ хандығының  550 жылдығына орай еліміздің тарихына.шежіресіне арнаған «Аңырақай» күй-толғауын да көрермен жылы ықыласпен қабылдады. Шығармада «Елім-ай» атты қазақтың халық әнінің мотивтері естілді.

Концертте Жұбанов мектебінің оркестрі де Халықаралық конкурстардың лауреаты, дирижер Берік Батырханның жетекшілігімен тамаша өнер көрсетті.

Кеш Н.Тілендиевтің «Құстар әнімен» аяқталды. Бұл әнді барлық қатысушылармен көрермендер де қосылып шырқады. Бұл Нұрғиса Тілендиев  халқының жадында мәңгі сақталған өнер иесі екендігінің дәлелі.

Ән мен күйге өрілген бұл кеш, менің ойымша, тамаша өтті. Дәстүрлі өнерімізді ұмытпай, ұлықтап жүруіміз үшін осындай өнер кештері көптеп ұйымдастырылса екен деймін.

Камшат ЕРКОСОВА, ІІ курс, этномузыкатанушы

,

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *