Т.Жармұхамедұлының «Шоқан ізі» симфониялық поэмасы

Еліміз өз Тәуелсіздігін алғалы оның алдында жаңа даму кезеңі басталды, әсіресе мәдениет жағынан. Қазақ елінің мәдениетінің дамуы ол өте қиын процесс болып табылды, себебі онда, біржағынан бұрын қалыптасқан тенденциялар тұрса, ал екінші жағынан заманымыз талап ететіндей жаңа жолдар ашылып жатты. Соған байланысты еліміз жаңа даму кезеңіне жол бастады. Осы мәдени бағыттардың ішіндегі бірден-бір маңыздысы ұлттық көзқарас болып табылады. Бұл дегеніміз композитор немесе суретші, ақын-жазушы болсын өз халқының мәдениетін түпкі тамырын жоғалтпай оны қазіргі заманға сай қыла отырып дамыту болып табылады. Қазіргі уақытта осы бағытпен көптеген жас маман композиторлар жұмыс жасауда. Мысалы: С.Еркінбеков, А. Райымқұлова, Б.Дәлденбаев, ағайынды Серік және Әліби Әбдінұровтар және де көптеген тағы басқа мамандар.

Қазіргі музыкада айналаны қоршаған орта болмысы шынайы бейнеленеді – онда болып жатқан оқиғалар, сезімдер мен ой-пікірлер толығымен ашылады. Музыка тудырушы композитор осы шынайы өмір жетегінде қалыптасады, алайда, сонымен бірге негізін қалаушы алдыңғы толқындағылардың шығармашылығында орын алған дәстүрді жалғастырушы болып табылады. Ұрпақтар байланысының өздік ерекшеліктерін ұстаздар мен олардың шәкірттерінің шығармашылығын салыстыру мүмкіндігі болған жағдайда байқауға болады. Бұндай жағдайда біз композиторлық мектеп феномені бар екендігіне шынайы көз жеткізу мүмкіндігіне ие боламыз.

Осы орайда, әлгіндей сипатымен ұлтымыздың қазіргі рухани болмысында көзге түсіп жүрген жас маман Тасқын Жармұхамедұлының шығармашылығына тоқталсам деймін, дәлірек айтсақ, оның «Шоқан ізі» атты симфониялық поэмасына.

Тасқын Жармұхамедұлы 1881 жылы 23-ақпан айында Қытай Халық республикасының Үрімжі қаласында туылған. Кішкентайынан домбыра тартуға қызығып. Қытай қазақтарына танымал күйшілерден сабақ алады, мектепте оқып жүргеннің өзінде-ақ радио-телевизияда концерттер беріп, ел алқауында бөленеді. 2000 жылы орта мектепті тамамдаған соң өз қалауы бойынша Жұңго Шинь жаң көркем өнер институтының теория жасампаздық мамандығына оқуға түседі. Оқып жүрген жылдары бірқатар камералық шығармалар жазады. Мысалы: скрипка, виолончель, фортепианоға арналған пьеса – «Ақын арманы», «Жайлау көркі», романс – «Туған жер», тағы басқа шығармалары. Оның «Қазақ домбыра күйлерінің ерекшелігі» деген қытай тіліндегі дипломдық диссертациясы жоғары бағаланды.

Білімін толықтыру үшін 2004 жылы қазан айында Қазақстанға келіп, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының «композиция» мамандығына доцент, ҚР еңбек сіңірген қайраткері А.Райымқұлованың класына оқуға түседі. Оқып жүрген жылдары «Наурыз» халықаралық фестивалінде «Жігер» (флейта, фагот, фортепианоға арналған трио) атты шығармасы орындалып, және де осы шығармасымен республикалық байқауларда сыйлыққа ие болады. 2008 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ұлт аспаптар оркестрімен Астана қаласымен және де басқа да қалаларда шығармалары орындалды. Қытай халық республикасында өнер сапарында ұлт аспаптар оркестрі Т.Жармұхамедұлының «Өнер сапары» атты шығармасын орындады. Өз шығармашылығын ары қарай дамыта отырып, көптеген камералық туындылар жазады. Мысалы: ыспалы аспаптар оркестріне арналған «Төремұрат», «Қыз биі», қобыз бен хорға арналған «Маңмаңгер», домбыра мен прима-қобызға дуэт «сайыс» және де тағы басқа шығармалары жарық көрді. Осы шығармалары үшін Алматыда өткен Е. Рахмадиев атындағы Республикалық конкурста бас жүлдеге ие болады. Жоғарғы оқу дипломдық жұмыс ретінде симфониялық поэма «Шоқан естелігін» ұсынады. Бұл шығармасымен 2011 жылы Ресейде Қазан қаласында өткен халықаралық композиторлар байқауында 2-орынды алады.

Берілген шығармада композитор қазақ елінің белгілі ғалымы Шоқан Уалихановтың өмірбаянын бейнелейді. «Шоқанның өмір жолы – елдің тағдыры, халықтың тағдыры, Шоқанның ойы, еңбегі, арман-тілегі еліміздің тарихымен, оның ішіндегі кешегі, бүгінгі, ертеңгі мәдени өмірімен, өнер өрімдерімен тікелей сабақтасып жатыр. Мысалы, Орта Азия халықтары бағзы замандағы іргелі де аумақты цивилизацияның тудырған елдердің бірі болғандығын алғаш таныған, әрі ғылыми тұрғыдан таратып жазған. Әрі ол бүкіл саналы ғұмырында елдің елдік дәрежесін көтеруді арман етіп, оның шын мәнінде азат, мәдениеті жоғары елдермен терезесі теңелуін аңсап өтті» — деп академик-жазушы Ғ. Мүсірепов 1960 жылдардың басынан және одан кейін де Шоқанның өнерге қатыстылығы жайлы баспасөз бетінде бірнеше дүркін пікірлер айтты.

Шамамен 50 жылдай өткеннен кейін, осы ойды қайта жаңғыртып, Шоқанның ұлылығын дәлелдеп, музыкалық тұрғыда біздің көз алдымыздан ұлы ғалымның бейнесін қайта көрсеткендей болып, дарынды жас композитор Т.Жармұқамедұлы өзінің «Шоқан ізі» атты симфониялық поэмасында көрсетті. Композитор шығармаға кіріспей тұрып Шоқанның өмірбанын, оның зерттеулік жұмыстары туралы көп мәліметтер жинап оқыды. Шығарманы негізінен Шоқанның қазақ, қырғыз, ұйғыр жерлерінде зерттеулік жұмыстарын жүргізілгені бейнеленген.

«Шоқан ізі» поэмасы Т. Жармұқамедұлының үлкен симфониялық тәжңрибесінде тұңғыш шығармасы. Поэманың бағдарламалық және музыкалық тақырып негізіне Шоқанның Орта Азия елдерінде жасаған сапарлары көрсетілген. Шығарма симфониялық поэмаға тән соната-симфониялық формада жазылған.

Кіріспе D-dur да төменгі дыбыста контрабастардың квинтасы мен басталады. Гобойда кіріспе тақырыбының сарыны өтеді, ол негізінен полифониялық түрде фагот пен виолончель аспаптарында берілген. Бұл сарын кіріспе бөлімінің барлық жерін қамтиды.

Жармухамед. Шокан

7-тактіден бастап флейта мен виолончельде кіріспе бөлімінің екінші сарыны өтеді. Бұл тақырып кіріспеде екі рет берілген. Бірінші орындалуында бұл сарын жай темпте өтсе, ал екінші рет темп екі есе тездетілген күйде берілген.

Жармухамед. Шокан

Бұл ырғақ бізге күй үнін, уақыт тамырын, өмірдің жүрек қағысын естіртеді. Жалпы кіріспе біздің көз алдымызда жазық дала табиғатын суреттейтін ырғақты үндер мен үндесіп, түрлі тақырыптық әуендер үні шығады.

Негізгі тақырыптың әуені белгілі күй фактурасында жазылған (с-moll).

Мұнда әуендік фразалар алмаса отырып, домбырада орындалатын күй тәрізді, әуен біресе астыңғы шекте, біресе үстіңгі шекке ауысып отырады. Негізігі тақырыпты бірінші және екінші скрипкалармен, кларнет және фагот аспаптары орындайды және бұл жерде күйдің даму формасын байқауымызға болады. Басында бас буында, орта буында және кульминациясында сағада беріледі. Музыка ары қарай дами келе пысықтай түседі, және де барлық бөлімдерінде остинантты ырғақтары естіледі. Мұнда бір айта кететін жайт композитор тақырыпты тональдік жағынан күрделі дамытқан. Осыдан негізгі тақырып дами келе қосушы тақырыпқа алып келеді.

Жармухамед. Шокан

Қосушы тақырыпта негізгі тақырыптың остинаталық ырғағын сақтай отырып, әр түрлі аспаптарда полифониялық әдіспен негізгі тақырыптың сарынын дамытады.

Жанама тақырыпта негізгі тақырыптың сарынынан дамып, қайталанатын дыбыстарды созу арқылы тынысын кеңейтеді. Жанама тақырып салтанатты түрде берілген. Жоғары қарай жылжыған өрнекті үн қазақтың халық әндерін еске түсіреді. Бұл тақырып, бірінші альт, виолончель және фагот аспаптарында берілген, мұнда негізгі тақырыптың остинаталық ырғағы сақталып қала береді. Жанама тақырыптың остнаталық тақырыптың екінші рет өтуі бірінші және екінші валторнаға берілген. Бұл жерде жанама тақырып тағы да күшейіп, салтанатты күйде өңдеу бөліміне алып келеді.

Жармухамед. Шокан

Жармухамед. Шокан

Өңдеу бөлімінде кіріспедегі үш тақырыптың әуендері бір жерден үндесіп шығады. Бұл жерде композитор Шоқанның қырғыз және ұйғыр елдеріндегі сапарын бейнелейді. Өңдеу бөлімінің басында кіріспенің екі тақырыбы беріледі, кіріспе бөліміндегі екінші тақырып сарынында байланыстырушы бөлімі эпизодқа алып келеді. Эпизодтың басында кіріспе бөліміндегі бірінші тақырып Шоқанның қырғыз еліндегі сапарын бейнелейді. Мұнда тақырып флейта, кларнет және пиколо кларнет аспаптарында берілген. Бұл жерде кейіпкердің ішкі және сыртқы толқынысы бірлестіріледі. Кіріспедегі тақырыптың әуені мүлде басқа жағынан естіледі, ол жұмсақ, көңілді скерцо тәрізді. Сонан кейін өңдеу бөліміне негізгі тақырыптың әуені қосылады.

Жармухамед. Шокан

Бұл әуен кіріспедегі тақырыптың әуендерге қарама-қарсы естіледі. Мұнда композитор Шоқанның ұйғыр халқына келгендегі негізгі сапарын көрсеткен. Кіріспедегі негізгі ұйғыр әуендеріне жақын келеді, осы жерде композитордың шеберлігін байқауға болады, күй жанрында жазылған тақырып бір сәтте сүйкімді ән секілді бір әуенге айнала кетеді. Осы тақырып дами келе шығарманың ең негізгі кульминациясына алып келеді. Осы негізгі кульминациядан кейін Шоқанның еліне оралғандағы сағынышы көрсетілген, және де айта кететін бір жайт, бұл жерде композитор полифониялық әдістердің ішіндегі контрапункт әдісін пайдаланады, ол бірінші және екінші скрипкалар мен альт, виолончель аспаптарында өткізіледі. Баяу біркелкі ағымда өтетін әуен ырғағы толқып, қоюлана түседі және кіріспе бөліміндегі жанама тақырыбындағы әуен мүлдем басқа жағынан естіледі. Мұндай өзгеріс тәсілі шығарманың мазмұнын әсерлендіре түседі.

Өңдеу бөлімінде берілген жанама тақырыптан кейін қайталауға алып келеді. Бұл бөлімде Шоқанның еліне оралған сәттегі елінің қуанышы берілген. Бөлімде негізгі тақырыптың сарынынан құралған. Негізгі тақырып бастапқыда бірінші және екінші флейтада өтеді. Осы сәттен кейін Шоқан өз сапарында кездестірген қызықты сәттерді әңгімелеуі көрсетілген. Бұл жерден тақырыбы негізінен өңдеу бөліміндегі ұйғыр еліне барған сапарындағы тақырыптан құралған. Ары қарай композитор шығарманы дамыта келіп қорытынды жасайды. Мұнда Шоқанның өмірбаянын бейнеленген. Бұл бөлім негізінен жанама тақырыбынан құралған, салтанатты түрде берілді.

Ең жақын драматургиялық қарама-қарсылық эпилогтың бастапқы шеніне келеді. Бұл шығарманың қайғылы кульминациясы болып саналады. Мұнда Шоқанның өмірден озғандығын көрсететін, жоғын жоқтаған жоқтау бөлімі өтеді.

Жалпы шығарманы қорытындылайтын болсақ композитор өзінің жас маман екендігіне қарамастан өзіне қойған мақсатын жақсы орындап шықты десек қателеспейміз. Қай жағынан алсақ та бұл шығарма ұлттық ерекшелікті көрсетеді: әуені, сазды жүйелілігінің дамуы, фактурасы және құрылымы, әсіресе композитордың оркестрді шебер білетіндігін байқаймыз. Т. Жармұқамедұлының оркестрлік стиліне тоқтала кетсек, онда біз композитордың бұрын қалыптасқан тәсілдерін пайдалана отырып, оны жаңаша түрде қолданғанын байқаймыз. Біз онда – жарқын бояулар мен, жаңа колористік табыстармен және аспаптардың дәстүрлі түрде қолданбауын байқауымызға болады. Негізінен Т. Жармұқамедұлының әуендерінде полифониялық әдістер күрделі түрде пайдаланылған. Онда – полимелодиялық, инвенция тұрғыда дамуы дәлірек айтсақ канондық әдіс және де фуга формасында дамуы. Айта кететін бір жайт шығармада «solо» аспаптардың пайдаланылуы, композитордың тембр жағынан көп көңіл бөлгендігін байқауымызға болады. Негізінен бұл жерде үрмелі аспаптардың солосы бөлініп шығады.

Қазақ халқының өмір тарихы мұндағы бейнелер халық әндері мен күйлері Т. Жармұқамедұлының шығармашылығында үлкен роль атқарды.

Т. Жармұқамедұлын ерлік – патриоттық бейнелер қызықтырып, сондай – ақ, шығармашылығының негізгі сарыны халық тарихына арналғанын байқаймыз. Қазақтың әуендік үні сіңген және мұнда поэтикалық стилінің нәзіктігі білінеді, және де композитордың қазақ фольклорын жақсы білгендігін көруге болады.

 

Жанболат АДИЛОВ, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық

консерваториясының 2-шi курс магистранты

,

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *