Қазақстан Ұлттық телеарнасындағы мәдени кездесу (Кеңес Дүйсекеев)

Тамыз айының 22-ші жұлдызында, Қазақстан телеарнасының «Мәдениет» бөлімінде замандас композитор еліміздің өнер және мәдениет саласында айтулы орны бар тұлға Кеңес Дүйсекеев ағамызбен кездесу өтті. Шығармашылық атмосферада орналасқан бұл кездесудің мәнді де сәнді болуына басты кейіпкердің өмірі мен өнер жолындағы қызыққа толы әңгімелері және әсем әуендері арқау болды.

К. Дүйсекеев ағамыздың: «Мен үшін бәрі “Қ” әрпінен басталады» – деп қалжындап айтқанындай, аты Кеңес бола тұра, өзі киелі Қызылорда облысының Қазалы ауданының Қызылту ауылынан шыққан тарландардың бірі. Өнердің қара шаңырағынан, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясында А. В. Бычковтың сыныбында композиция бойынша тәлім алған замануи композитор, бүгінгі таңда қазақ елін өзінің туындыларымен әлемге танытуда. Патриоттық сезімге толы классикалық күрделі шығармалары Қазақстан және шетел мемлекеттерінің симфониялық, камералық, ұлт аспаптар оркестрлері мен ансамбльдерінің репертуарларында орнын тапқан.

Дегенмен, көпшілікке Кеңес ағамыз әсем әуенді әндерімен кеңінен танымал. Қазақ эстрадалық әндердің жанрлық кеңейуіне де себепкер болған Кеңес Дүйсекеев. ХХ ғасырдың аяғы – ХХІ ғасырға тән музыка өнеріндегі джаз, рок стильдерін алғаш «Сәлем саған, туған ел», «Домбыра балладасы» секілді әндерінде қолданған композитор әлі де шығармашылық ізденіс үстінді.

Композитордың айтуы бойынша, ән қатарының тоқсан пайыздан көбін өзінің замандасы ақын Шүмішбай Сариевпен бірлесе жазған екен. Көптеген конкурстардың, фестивальдардың жүлделі орындарына ие болған әндердің авторлары, кездесу барысында бастан өткен небір қызықты жайыттарды еске алып, халыққа сыр шертті.

Әлі де, дарынынан елеулі үміт күттіретін ағаларымыздың әңгімелері мен Кеңес Дүйсекеевтің орындауындағы төл шығармаларына толы болған мазмұнды кездесудің репортажын Қазақстан телеарнасынан тамашалай аласыздар.

 Венера ШУКЕНОВА

,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Срок проверки reCAPTCHA истек. Перезагрузите страницу.