2018 жылдың қыркүйегінде «Асыл кітап» баспасында «Р. Карутцтың жинаған Түркістандағы әндер мен аспаптық шығармалар жинағы (1905)» жарық көрді. Аталған еңбекте өткен ғасырдың басында атақты неміс ғалымының Қазалы және Ташкент қалаларында жазып алған қазақ, татар, және өзбек халықтарының әндері мен аспаптық пьесалары орын алды.
Жазбалардың өздері де, олардың ашылу фактілері де қызығушылық тудырады. Соңғы уақытқа дейін түркі халықтарының, соның ішінде қазақ музыкасының алғашқы жазбалары өткен ғасырдың 20-шы жылдарына жатады деп саналды.
1925 жылы А.Кашаубаевтің орындаған қазақ әндері Парижде Бүкіләлемдік сәндік өнер көрмесінде орындалды (ЭКСПО). Р.Карутцтың жазбалары одан ерте жасалынды, олар ХХ ғасырдың басына жатады. Сонымен қатар, нотаға түсіріліп жазылған кейбір үлгілер Р.Карутцтың «Маңғышлақтағы қырғыз бен түрікмен арасында» (1910) атты неміс басылымының Қосымшасында жарияланды.
Өкінішке орай, оның орыс тіліндегі аудармасы жоқ. Неміс тіліндегі табылған Қосымшасын алғаш орыс тіліне Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның ғылыми жұмыстар жөніндегі бұрынғы проректоры, доцент А.С. Самаркин аударған. Ол қосымшаны жеке кітапша ретінде жариялады (2004 ж.) және оған Э. Хорнбостелдің «Қырғыз (қазақ) музыкалық аспаптары бойынша деректерін», Р.Карутцтың жазған әндері мен аспаптық пьесаларын, сонымен қатар өз пікірлерін кіргізді.Р.Карутцтың дыбыстық жазбаларының көшірмелері Пушкин үйіндегі (Санкт-Петербург) «МИР» Мемлекетаралық Телерадиокомпаниясының Қазақстандық филиалының (директор А.Әлімжанов) қызметкерлерінің көмегімен табылған, ал түпнұсқалары Берлиндік фонограмма мұрағатында балауыздарда сақталды.Берлиндік фонограмма мұрағатынын (қазіргі Берлин этнологиялық музейі) басшылығымен ұзақ уақыт хат алмасудың нәтижесінде Қазақстанға дыбыстық жазбалардың көшірмелері әкелінді.Осы орайда, 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап, болашақ жинақ бойынша тынымсыз жұмыстар басталды — әндер мен аспаптық пьесалардың нотировкасын жасау, ақындық мәтіндерді іздеу және қалпына келтіру. Кітапқа елеулі үлесін қосып, осы жұмысты басқарған өнертану докторы, Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның «Музыкатану және Композиция» кафедрасының профессоры Сауле Ысқаққызы Өтеғалиева. Қомақты еңбекті жүзеге асыру мақсатымен ол консерваторияның түлектерін тартты, нотаға түсіруші Т.Тоқжановты, «Домбыра» кафедрасының доценті, «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрінің домбырашысын, магистрант А.Шнаровты, сондай-ақ қобызшы, Т.Жүргенов атындағы өнер Академиясының аға оқытушысы, Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның докторанты M.Meдеубекты. Жоғарыда аталған барлық музыканттар Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары.Ақындық мәтіндерді, әсіресе, татар тілін қалпына келтіруге татар тілінің маманы С. Киреева қатысты. Үлгілердің ұлттық нақышын анықтауда, музыкалық талдау жасауда үлкен үлесін қазақстанның зерттеушілері (өнертану ғылымының кандидаттары, «Музыкатану және композиция» кафедрасының доценттері А.Бердибай, А.Сабырова, докторант Б.Бабижан), сонымен қатар жақын шетелдерден (Жиганов атындағы Қазан мемлекеттік консерваториясының доценттері, өнертану ғылымының кандидаттары Л.Сарварова, Г.Макаров, Татарстан, Ресейдің дәстүрлі мәдениетін жетілдіру Республикалық орталығының жетекші қызметкері, өнертану ғылымының кандидаты Э.Кайюмова;
Өзбекістанның ғалымдары — өнертану докторы Р.Абдуллаев, өнертану кандидаты К.Құрбанов т.б.).
Нәтижесінде, жинақ өте қызықты болып шықты. Ол үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) басылып шығарылды және екі бөліктен тұрады. Біріншісі — Р. Копалдың (Берлин фонограммасы мұрағатының өкілі) А.Әлімжановтың (жоба жетекшісі, ТРК «Мир» қазақстандық филиалының директоры) және С. Өтеғалиеваның (атқарушы редактор, профессор, өнертану докторы) мақалаларын қамтиды. Екіншісінде, негізінен әндер мен аспаптық пьесалардың нотировкалары орын алды. Барлығы 13 жазба, оның ішінде 6 қазақ әні мен күйі, 5 татар әні және 2 өзбек аспаптық пьесалар. Онда лирикалық, діни, мәтөк әндер, керемет татар такмактары, сондай-ақ, өзбектің гиджагына арналған би пьесалары бар.Олардың көбісі қазір орындалмайды. Мәтіндердің мазмұны орыс тіліне аударылған. Татар әндерін жазған кезде, аналитикалық нотация қолданылды. Шартты таңбалар жүйесі бар.Р. Карутцтың Түркістандағы коллекциясы алғаш рет Қазақстанда жарық көргені өте символды. Біздің ойымызша, оның жарық көруі бүкіл Орталық-Азия аймағының мәдени және ғылыми өміріндегі маңызды оқиға болып табылады. Әрине, Р.Карутц жазған үлгілердің барлығы Түркістан аймағының музыкасының ерекшелігін көрсете бермейді.Өкінішке орай, жиырмасыншы ғасырдың басындағы ең жетілдірілген техникалық құрал-жабдықтар (балауыз роликтері), жазбалардың ескілігі әрдайым олардың сапалы болуына мүмкіндік бермеді. Соған қарамастан, Р.Карутц жинаған Түркістандағы әндер мен аспаптық пьесалардың тарихи маңызы зор. Әңгіме үстінде туындаған ойлар Орталық Азиядағы түркі халықтарының музыкасының алғашқы жазбалары туралы ғана емес, негізінен ғалымның ХХ ғасырдың басында осы өңірде танымал үлгілерді жазғанында болар.
Құнды жинақтың тарихи маңыздылығы осы жерде жинақталған материалдардың музыкалық тәжірибеде қолданылуының мүмкіндігінде. Олар заманауи музыканттар репертуарының кеңеюіне мол септігін тигизетіні сөзсіз.
Осы жағдайды ескере отырып, «Музыкатану және композиция», кафедрасының қызметкерлерін, ең алдымен профессор С.Өтеғалиеваны және ноталық транскрипция жұмысына қатысқан домбырашыларды осындай маңызды басылыммен құттықтап, жаңа шығармашылық табыстар тілейміз. Ерекше ризашылығымыз бен алғысымыз «МИР» ТРК (Қазақстандық филиал) басшылығына қаржылай көмектері және осы жобаны үнемі қолдап отырғандары үшін арналады.Бұл музыкалық жинақ басқа сирек жазбаларды іздеу және басып шығару үшін бастапқы іс-шара бола алады деп үміттенеміз.
Музыкатану және композиция кафедрасының профессоры,
өнертану ғылымының кандидаты
Гүлмира МУСАГУЛОВА