ХІХ – ХХІ ғғ. Батыс Қазақстан күйшілік дәстүріндегі қыз-келіншектер күйлерінің музыкалық-стильдік ерекшеліктері

Бұл мақалада ХІХ-ХХІ ғғ. Батыс Қазақстан күйшілік дәстүріндегі қыз-келіншектер өнері қарастырылады. Мұнда алғаш рет күйлерінің музыкалық-стильдік ерекшеліктері айқындалды.

ХІХ ғ. БҚКҚ – күйлердің музыкалық-стильдік ерекшеліктері

Батыс Қазақстан күйшілік мектебін қалыптастырған Есжан (Соқыр), Байжұма, Баламайсан, Түркеш, т.б. күй тарландары қатарында заманында көш ілгері болу, сол кез үрдісінен даралануы бізге жеткен айтулы күйші қыз-келіншектердің кәсіби деңгейі мен талантын айқындауға еш әсерін тигізбеді.

Атап айтсақ[1], ХІХ ғ. Алтынай, Ақбикеш, Ханым, Орынша, Науша; ХХ ғ. Дина Нұрпейісова, Барша Хасенова, Зәмзәм Есжанова, Күріш Қалиева; ХХІ ғ. Балғаным Аяпбергенова, Роза Айдарбаева сынды жанынан күй шығара білген қыз-келіншектер күйшілік дәстүр қорын жаңашыл, әуезді туындылармен толықтырды. Сөзіміздің дәлелі ретінде, төменде әр кезең күйлеріне кеңінен тоқталып, салыстырмалы түрде олардың музыкалық-стильдік ерекшеліктерін талдап көрсетеміз.

 «Байжұма[2]»Орыншаның күйі. Осынша виртуоздық туынды қыз-келіншектердің креативті[3], жаңашылдығын паш етеді. Байжұма күй жанрына тән өзіндік құрылымы, ладтық тірегі бар. Мұнда күй мазмұны шағын болғанымен, құрылысы күрделі – бас буын, НИЫК, орта буын және саға бар. Әр буында НИЫК-нің транспозициялы қайталаулары орын алады. Бас буын a-e басталады. Он алты такттан соң, бас буын мен орта буынның арасын жалғайтын НИЫК-ге кезек беріледі.

Қисамеденова

Бас буын a-e басталады. Күйде екі элементті НИЫК бар: біріншісі, a-e тірегінің үстіңгі ішегінде толыққанды ойналуы, элементері лига арқылы ойналып, өлшемдері 2/4, қағыстары қарапайым – ПП VП, ПП VV;

Қисамеденова

Ашық қағыс арқылы a-e тірегіне бір-ақ барған жүрісті тек қыздар тән.  Кейін бұл үрдісті Дина шығармашылығынан да кездестіреміз. «8-март», «16-жыл», «Қарақасқа ат» секілді күйлерінде кенет үзіліспен сағада буынды әрі жалғау көрініс табады.

Екіншісі, a-e дыбысында пунктирлі ырғақ орын алып, өлшем 3/4 пен 2/4 алмаса, қағыстары да күрделене түседі – ПП ПVV;

Қисамеденова

Бас буындағы НИЫК әуеніне негізделген екі бірдей элемент өзге биіктікте келесі буындарда орындалады. Орта буын – a-c терциясынан бастап, a-e тірегінде тұрақтайды. Астыңғы ішекте толыққанды, қарапайым үлгіде әуен ойналып, a-e h-e тірегіне шешіп береді. Мұның бәрі орта буын НИЫК-нің бірінші элементі.

Қисамеденова

Екінші элемент: Кіші саға диапазонында дыбысын қамти, a-e тірегіне қайтуды көздейді. Осы ретте де қағыстың күрделенуі, өлшем өзгеріп, ырғақтың пунктирге айналуы қалыпты жағдай. Бас буын арақатынасын байланыстырушы қызметінде мына екі тактті көреміз.

Орта буын мен саға аралығында бас буындағы НИЫК толықтай орындалады. Саға – ашық қағыспен дайындалып барып, дыбысына түседі. НИЫК бірінші элементі бойынша кіші саға үстіңгі ішектің толық жарамды ойынынан соң, астыңғы ішекке кезек береді.

Екінші элемент үлкен саға диапазонына қадам басып, дыбысына дейін дамиды. Жоғарыда көрсетілгендей бұл элементтің де өзіндік күрделілігі бар.

Қисамеденова

Күй соңы – бас буындағы НИЫК-нің элементтерімен қоса орындалуымен аяқталады.

ХХ ғ. БҚКҚ – күйлердің музыкалық-стильдік ерекшеліктері

Дина – «Байжұма» e-a, f-c ладтық тіректерінде басталады. Күй құрылымы бас буын, НИЫК, орта буын және сағадан тұрады.

Бас буын – әр дыбысты нақтылай, күй басталысымен табиғатының салмақтылығын аңғартады. Үстіңгі ішектің сыры бөлек, бұл күй әуені үстіңгі ішектің бай қолданысымен ерекшеленеді.

НИЫК-нің таныстыруы кезекті тірекке қадам баса, тақырыптың көрсетілімін үстіңгі ішекке беріп, желдірте екпін қосып бір шауып алады. НИЫК әуені g-c дыбысынан бастала, үстіңгі ішектің синкопалы орындалуымен көрінеді. Бұл бірінші элементі.

Қисамеденова

НИЫК-нің екінші элементі қос ішекті дыбыс үндестігімен диалог жасап, бір-біріне үн қата кешеннің соңғы бөлігі үдерісті растап барып аяқтайды.

Қисамеденова

Орта буын үш элементтен құралып, g-c бастап дипазоны кеңейе сағаның с нотасына дейін барады. Байжұма күйлеріне тән траспозициялы қайталау орын алып, НИЫК элементінің өзге биіктікте орындалуын көреміз. Синкопамен басталған буын мінезі күй екпініне ыңғай білдіре, от-жалынмен, шапшаңдықпен орта буынның екінші элементіне жалғайды. НИЫК элементіндей емес, орта буын екінші элементі  өзгеше.

Қисамеденова

Берілген тапсырма толықтай орындалған соң, осы бағытпен бас буынға көтеріле, g-c тірегінде екінші элементтің өзге биіктікте орындалып, буын соңын нақтылаған пассажбен[4]сағаға қарай керісінше бағыт алып, қайтарында кербездік таныта сегіздіктермен берілген.

Үшінші элемент – күй буынын нақтылай, диалог құрап, ақыр соңында төгіп жіберетін пассаждардан кейін төмен қағысты сегіздіктер екпінін азайта кербездене пунктирлі ырғақ пен ферматор арқылы бас буынға келіп тынады. Бұл арада Құрманғазы ұстазына тән элементтердің шәкіртінде көрінуі дәстүр жалғастығын көрсетеді.

Кіші сағаның басталуы бірден екпіндете құйындата төгіп жібереді. Саға дыбысынан басталып, a¹-d¹-де тұрақтап, үстіңгі ішек әуеніне өтеді. Тақырыпты таныстырып болған соң, астыңғы ішекке түскен ойын Динаға тән қайталана ойналатын нақтылаулар арқылы дипазонын кеңейте, с дыбысынан бастап, ойнайды. Кенеттен үзіп тастап, в дыбысынан бастай d-d² дейін дамып, қайтуы жоғары қағыстан ойналатын синкопалар арқылы жылдам жүзеге асады. Осы болған жайды нақтылай, бір-екі рет қайталай ойнау күйшіге тән. Бағытын диалогты ойынға қарай алып, НИЫК элементіне ұтымды жалғасып кете барады.

f-c ладтық тірегінен бастап арнайы түрде НИЫК өзінің қызметін атқарады. Өзге күйшілер шығармашылығында шарықтау шегі арнайы буынға немесе белгілі бір буынға негізделіп, соңына дейін ойын түйіндесе, күй соңында белгілі бір буынның үзіндісімен аяқтау әдеттегі Дина дәстүрі. Байжұмада осы ерекшелігі де орын алады. Орта буынның өзінен емес, екінші элементінен бастап ойнайды:

Қисамеденова

Күй соңы жалғанған буынның соңына дейін ойналуымен тәмәм болады.

Қисамеденова

Күйшінің жоғары шеберлігі – синкопалармен, ырғақтық суреттердің ғана әсері емес, ішкі дүниеде үйлестік тауып күйлерінде жарық көруі тапқыр да жаңашылдығын дәлелдейді. Ұстазының дәстүрін меңгере, өзінше қолданады. Бірқарағанда жүйесіз болып көрінетін буын арасын жұлып ойнау күйші[5] бойынан жаңашылдық әдісін бірден аңғартады.

Барша Хасенова – «Ақ ілме[6]». Басынан соңынан дейін еш өзгеріссіз 7/8 өлшемде, жеңіл ойнақы мінезде жүрсе де, күй болмысынан кербездік танылады. Толыққанды құрылымды: бас буын, НИЫК, орта буын кіші және үлкен сағалардан тұрады. Ладтық тірек – d-a. Күй буындары алдымен қысқа, барған сайын көлемін ұлғайта, біртіндеп көсіле орындалады.

Бас буын сазды, бір ғана жолда тұрақтай үстіңгі ішектің g нотасына дейін барып, қысқа қайырады.

d-a ладтық тірегінен бастау ала, күй бойына әркез нақтылана орындалар ойынның бастапқы элементі НИЫК-де көрінеді.

Бас буын нақтылай ойынан соң, g-c арқылы орта буынға жол тартып,  b-f ладтық тірегінде тұрақтайды. Кезек үстіңгі ішектегі әуенде. Ұзамай астыңғы ішекке өткен әуен күрделі түрде жүзеге асып барып, шешімін тауып, бас буынға келеді. Күй барысында әр буында қолданылатын НИЫК элементі күйдің басты мақсатындай келесі буындарда өзге биіктікте секвенция арқылы жүзеге асып отырады.

Қисамеденова

Ашық ішекпен басталған кіші саға – a¹ үстіңгі ішек ойыны арқылы тақырыпты анықтай, әрі қарай даму негізін қалыптастырады:

Қисамеденова

Яғни, шиеленіскен байланыспен секвенция арқылы ұтымды жалғау a-d дыбысында сәл деммен орта буынға сәтті жалғайды. Аталған буын қарапайым түрде ойналып, өз ағысымен бас буынды да қамти, үлкен саға аймағына апарады. Арнайы орта буын мен жалғаушы қызметіндегі орта буында өзгешелік бар.

Ашық ішектен бастау ала қуаттанып, дыбысын көздеген үлкен сағаның әуені – үстіңгі ішекті қамтиды. мендыбыстары арасындағы нақтылай ойналған күйдің ерекшелігі өзіне назар аудартады. Кіші саға жүрісіндей бұл арада даму жоқ, қайтуға бет алады. Үлкен саға да секвенция көмегімен a-d дыбысында аялдай, орта буынға жалғасады.

Қисамеденова

Орта буын сол қарапайым күйінде орындалып, бас буын элементімен жанасады. Қайтадан орта буынға түседі, бұл арада жоғарыда айтылғандай, бастапқы және соңғы буындар бірдей де, күй барысында қолданылған жалғаушы орта буындар қарапайым түрде қолданылған. Айырмашылығы, арнайы орта буында үстіңгі ішектің орын алуы.

Күй бас буынның бүтіндей орындалуымен аяқталады.

ХХІ ғ. БҚКҚ – күйлердің музыкалық-стильдік ерекшеліктері

Роза Айдарбаева – «Маңғыстау[7]». Философиялық ойға жетелейтін, буындары толықтай қамтылған,  әуеннің дамылсыз орындалу элементтері мен fis  дыбысын қолдануы – Маңғыстау күйшілік мектебінің қатарын толықтырған, сәтті туынды.

Маңғыстау халқы жыр-толғау, терме нәрімен сусындаған өнерлі өлке. Күй авторының күйшілігі – төл туындысында айқын байқалады. Ноталық нұсқада ¾ өлшем берілгенімен, толғау тектес күй 7/8,  жыр ырғағымен жүріп отырады. Бас буын d-a тірегінде басталады, дамыған түрде үстіңгі g нотасына дейін өрбиді. Бас пен орта буынды жалғар НИЫК – күй әуенін жігерлендіре, батыл түрде cis қолдана, d-d тірегіне тұрақтай, үстіңгі ішекте ойынға кезек береді. Шиеленісе ойналған НИЫК толғана жырлайды.

Күйдің орта буыны d-d дыбысынан бастала, үстіңгі ішекте h-fis қосып, кварта көмегімен, c-g дыбысына дейін кеңейе, күйге тағы бір рең қосады.

Қисамеденова

Маңғыстау күйшілік мектебіне, жыр-күйлерге тән ладтық тірегі – h-fis. Оған қоса, әуеннің әркез тұрақсыздана ойналып, дамылсыз жүруі, осы өңір күйшілігінде кездеседі. М.Өскенбаев «Жеңіс»:

Қисамеденова

Бұл ретте бас буын үстіңгі ішегіндегі әуен жүрісінің транспозициялы қайталануы күй мазмұнын түрлендіреді.

Саға тек біреу. Диапазоны да кіші сағадан алыстамайды. Бірақ, d-d дыбысынан бастап, d-a¹ ға дейін серіппе ойналу арқылы бастамасы – ХХ ғасыр Батыс күйшілерінен бастау алған үрдіс екендігін аңғартады:

М.Өскенбаев – «Жеңіс»:

Қисамеденова

Қаршыға Ахмедьяров кейін өз шығармашылығында сағаның бастамасын бас буын төңірегінен бастап, жүрісті мейлінше дамытады.

Қ.Ахмедьяров – «Адай ақжелең»:                    Р.Айдарбаева – «Маңғыстау»:             Қисамеденова Қисамеденова

Сағаның үстіңгі ішекте әуенді ойнауы мен бірден бағытының өзгертіп, екі ішекке беруі – саға тірегіндегі әуеннің толықтай, құлақта қала ойналып барып, әрі қарай дамуына ұласады.

Қисамеденова

Сағадан шығар сәтте НИЫК элементі арқылы бас буынға келіп, жалғай ойналады.

Күй авторы – домбыраның қоңыр үнін сәтті пайдалана, бас буынға терең ой бере алған. Жаңа заманға сай элементтер мен дыбыс қатары, ладтық ерекшеліктері ұтымды пайдалануында көрсетіледі. М.Өскенбаев, С.Шәкірат шығармашылықтар бағытымен қиылысады.

Әр кезең күйлерінің музыкалық-стильдік ерекшеліктерін салыстырмалы түрде талдау кезінде мынадай нәтиже көрсетті.

Саны жағынан аз болса да, сапалы мұра мен күйлерінің әртүрлі, ой-қиялға бай болуы, қыз-келіншектердің ерекше ойлау қабілетінің креативтілікке негізделгенін көрсете, орындаушылық тұрғыда да (Алтынай, Орынша, Науша, Дина т.б.) өзіндік жаңалықтарын енгізе, домбыра аспабының бар мүмкіншілігін көрсете, жарқын да аса ептілікті, талап етер шеберлікті қалдырғанына куә болдық:

-ХІХ ғасыр күйшілер туындыларында өз заманының кері саясаты, әйелдің

бостандығының  шектеуіне байланысты, өкініш, наз, мұңмен қоса, бір сәтте іштей жарқын болашаққа сеніп жігерлене орындалуы, өжеттілік пен табандылық, қайсар мінезді көрсетеді.

-ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырда өмір сүрген Дина Нұрпейісова күйлері барша жұртқа мәлім. Екі ғасырдың куәсі болуы – күйші шығармашылығында жаңашылдыққа негізделіп, айқын көрінді. Өзіндік қолтаңбасы ұстазы Құрманғазы дәстүріне де келіңкіре бермейтін, шығармашылығындағы тың өзгерістер сол кезден бастап қоғамда қыз-келіншектер мәртебесін көтеруі – замандас құрбыларының сергіген мезетін шабыттана суреттегендей. Әйелдерге арнайы халықаралық деңгейде мереке күнін белгіленуі де, айтарлықтай серпін беріп, ол күйшінің «8-мартында» көрініс табады. Күйшінің шығармашылық, орындаушылық шеберлігі қазақ күй тарихына тың дүние болып, күйші талантын тек қыз-келіншектер қатарында емес, жалпы күйшілік дәстүрде даралап қалдырды.

-ХХ ғасыр БҚКҚ туындылары – қазақ тарихында саяси жағдайларға қарамастан, халықтың көкірек көзі ашылып, ел арасында анасын, қарындасын сыйлай бастаған уақытты айтпай ұғындырады. Жігер мен қайраттылық, адуын күйлер бұл заман күйшілеріне жат. Ешқандай қысым салмай, сылқым сұлулық пен ұяңдықты, ерке мінезді суреттеген күйлер (Б.Хасенова, К.Қалиева) көпшілік қауымға рахат сыйлайды.

-ХХІ ғасыр БҚКҚ (Б.Аяпбергенова, Р.Айдарбаева) туындылары өзінше өзгеше бағыт көрсетті. Заманға сай уақытқа, ырғаққа тәуелділік айқын көрінеді. Сезім мен шабытты суреттеу бұғандалып, көп жағдайда біркелкілік пен маторикалық қағысқа негізделе, сол бір ғана өлшемде көрсетіп, сыйгызу мақсаты алға шыққан. Ал жаңа үрдіс, ол қазақ күйлеріне жарқын бояулар мен жаңаша элементтерді қоса, еуропалық бағытта білімдерін толықтырған қыз-келіншектер өнеріндегі ел мұрасымен байланыса сазды көрініс тапқандығын көрсетті.

Қорытындылай келе, домбыра өнерінің күй тарихында БҚКҚ өзіндік сара жолын қалдырып, өзіне ғана тән ерекшелік иемдене білді.

Мөлдір ҚИСАМЕДЕНОВА

[1] Мақала БҚКҚ күй шығарушыларына арналғандықтан, арасында аты аталмаған күйші қыздар тек орындаушылық қырды ұстанғандығын ескертеміз!.

[2] Байжұма – ХVІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың І-жартысында Батыс Қазақстанда өмір сүрген күйші. Бізге жеткен туындысы — “Қарт Байжұма” күйін Оқаб Қабиғожин, Қали Жантілеуовтер орындауында жетіп, кеңінен танымал болды.

[3] Креати́втілік (ағылшын сөзінен. create — жасау, тудыру, ойлап шығару) — ойлау тәсіліне жат, дәстүрден алшақтаған үрдістегі жаңашылдыққа бейім дарынды жеке тұлғаның шығармашылық қыры.

[4] Виртуозды шығарманың үзіндісі

[5]БҚКҚ басым көпшілігінің домбырашылық қасиеттері жоғары деңгейде бола тұра, күйшілігі, суырып салмалық қырының тыс қалуы өзекті мәселе болып отыр. Осы тұрғыда бұрынғы үрдісті, күй анасы – Динаның өнерін жалғаушылар: ХХ ғасыр қыз-келіншектері қатарынан Барша Хасенова, Зәмзәм Есжанова және Күріш Қалиеваларды атай аламыз.

[6]Құрманғазының, басқа да Батыс күйшілік дәстүріндегі «Ілме» күйлер тобына интонациялық-ырғақтық суреті ұқсастығын байқаймыз.  

[7] Маңғыстау тарихынан сыр шерткен киелі, 362 әулие, күй, ән-жыр мекені – 1986 жылы облысына арнап шығарған туынды.

Әдебиеттер тізімі:

  1. «Батыс Қазақстан күйшілік дәстүріндегі қыз-келіншектердің шығармашылығы мен орындаушылығы» атты магистрлік диссертациясы. Алматы, 2014ж.
,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Срок проверки reCAPTCHA истек. Перезагрузите страницу.