Қазақ музыкасының эстрадалық бағытындағы орындаушылықтың қазіргі болмысы

Мәдени мұраны сақтау бүгінгі күні көптеген халықтарды алаңдатады. Енді мәдениеттің әлеуметтік-тарихи аренадағы интеграциясы кезеңінде қазақ халқының музыкалық ой-өрісін одан әрі дамытудың этникалық сәйкестігімен ерекшеленетін өнердің бір түрі ретінде Қазақстанда эстрадалық музыканың дамуы мен насихатталуы ерекше қарастырылуда. Эстрада жанрларына қатысты мәселердің барлығы фольклолық түпнұсқалықты сақтап, жаңа ұрпаққа заманауи, шығармашылық тіл арқылы және әмбебап мүмкіндіктерге сәйкестіріліп беріліп отыр. Бұл Қазақстанның жаңа мәдени саясатының стратегиялық бағыты – Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» ұлттық идеясы арқылы қазақ халқының бай мәдени мұрасын жаңғырту, ұлттық сананы дамытуға бағытталған. Бұл Мемлекеттік бағдарламада Қазақстандағы мәдениетті дамытудың маңызды мақсаттарының бірі — жеке тұлғаның рухани-шығармашылық өсуін қамтамасыз ету, ұлттық мәдени мұраны байыту, насихаттау және дәстүрлі мәдени құндылықтарды әлемдік деңгейде паш ету [1].

Сонымен бірге қазіргі заманғы жаппай мәдениет, шоу-бизнес және эстрадалық өнердің проблемалары бүгінгі күні гуманитарлық зерттеулерді өмірдің шынайылығына жақындатуға мүдделі мәдениет қайраткерлерінің, философтар мен өнертанушылардың көбірек назарын аударады. Эстрада ұжымдық өнер түрі ретінде музыкатану саласында емес, эстетика мен өнертану тарихында қарастырылды, бұған дәлел — анықтамалық материалдардан және музыкалық энциклопедиялық сөздіктер. Дегенмен, музыкалық эстрадалық жанрды дамыту проблемалары, әсіресе көрнекті өкілдерінің кәсіби қызметінің теориялық және әдістемелік аспектілері жеткілікті зерттелмеген және ғылыми тұрғыдан қарастырылу қажет.Қазіргі заманғы аспаптық топтарға деген сұраныс, оның жеке орындаушыларының танымалдылығы, ең алдымен, аудиторияның нақты қажеттіліктеріне, олардың көңіл көтерудің ерекше атмосферасын құруға көмектесу, демалыс кезінде адамның ең жақсы демалуын қамтамасыз етуімен байланысты. Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның жас және талантты соло орындаушыларының, республиканың тыс жерлерде даңқын көтеретін сазгерлердің шығармашылығы ерекше назар аудартады.Бұрын зерттелген іс-шаралардан басқа жаңа өткен мерекелік концерттерге назар аударайық. Мұғалімдер мен студенттер әр түрлі іс-шараларға үнемі белсенді түрде қатысып, республикадағы және одан тыс жерлерде еліміздегі эстрада тынысын ауқымды көрсетуі аса көзге түсетін шаралар. Олардың арасында Оренбургский А.А. бастаған Астана қаласындағы «Қазақ Концерт» концерт залындағы «Достар серті» мюзиклнің музыкалық сүйемелденуі.

Достар серті

Қазақстандағы бірінші мюзикл театрының ұйымдастырылуымен Қазақстанның мәдени өмірінде «Астана Мюзикл» атты жаңа шығармашылық бірлік жұмысының басталуын ашатын спектакль қажеттілігі туындады. Керемет шығармашылық топ құрылып, үлкен жауапкершілікпен қомақты шараға белсене кірісіп кетті. Сыншылар аталған спектакльге «Алғашқы қазақстандық мюзикл», «Жүз пайыз қазақстандық өнім» атағын беріп авторлық топты үлкен мақтанышқа бөледі. Үш ұрпақтың өкілдері бір буында болды: сценарист, режиссер және композитор. Мюзиклді жасаушылардың қатарында: сценарист, либреттоның авторы Бақыт Қайырбеков, сценарийдің қосалқы авторы Еслям Нұртазин, қоюшы-режиссер, композитор, аранжировщик әрі дирижер — Артур Оренбургский. Мюзиклдің сюжетіне өткен ғасырдың 60-шы жылдарындағы Қазақстанның елордасы – Алма-Атаны бағындыруға келген төрт жігіттің тарихы таңдалды. Екі баланың қызға ғашығы жанжал мен махаббат үшбұрышына әкеледі, бірақ бәрі хэппи-эндпен және әдемі үйлену тойымен аяқталады.

Мюзиклді қою Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының студенттері мен профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен жүзеге асырылғанын атап кету қажет. Сонымен қатар, сол кездегі басты кейіпкерлер, массовка, режиссер, оркестр, дирижер – бұл Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА оқытушылары мен студенттері.

Композитор мен аранжировщиктің алдында ХХ ғасырдың 60-шы жылдары және XXI ғасырдың стильдері мен жанрларын органикалық-эклектикалық араластыру міндеті тұрды. Сол дәуірінің музыкалық-тақырыптық желілердің бірі қазақ билерінің құрылу тарихы, «Дос Мұқасан» тобының сол кездегі тиісті музыкалық екпіндері мен хиттерімен әшекеленді. Авторлық және қарызға алынған материалдың сандық құрамы бойынша шамамен жартыда жарты болды. Негізгі мақсат ретінде композиторлық желісті алдыға шығармай, пьесаның жалпы контекстіне еру болды. Режиссердің тарапынан абсолютті диктат болған жоқ, бірақ топ барлық кеңестер мен тілектерге құлақ түрді. Бұл тұрғыдан авторлардың ынтымақтастығы өзара түсіністік шығармашылығы негізінде қалыптасты. Түпнұсқа және авторлық материал қажет болған кезде, жеке, авторлық композициялары жасалды. Егер режиссер қандай да бір нөмірдің танымал, дерлік халықтық интонациялар мен әндерге негізделуі тиіс екенін анықтаса, онда бұл материал оркестр мен солистерге өңделіп жасалған.

2018 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттыұ өнер Академиясында аңызға айналған Ш.Азнавур мен Эдит Пиафтардың өмірлеріне арналған естелік концерт өтті. Сонымен қатар, бұл мекемеде әйгілі джаз сазгері Билли Кобэманың шеберлік сыныптары, әрі квинтетімен (ұрмалы аспаптар) Оренбургский А.А. бастаған студенттік джаз квартеті концерт берді.

Мәдениет бүгінгі күні адамның рухани және эстетикалық дамуының, ұлттық бірлікті қалыптастырудың және елдің әлемдік қауымдастыққа интеграциялануының күшті құралы болып табылады. Жуырда, Қазақстанның атын бүкіл әлемге дүркіреткен эстрада әншісі Әділхан Макин. «Славян базары 2019» халықаралық музыкалық өнер сайысында ол Гран-При жүлдесіне ие болды. Бұл мағынада тыңдаушылардың қызығушылығы мен талғамдары өте заңды, олар табиғи іріктеу арқылы халық жадында берік бекітілген жарқын, бояулы және талантты тұлғалар мен олардың шығармашылығын таңдайды.

Қазақстандықтардың әр жылдары аталған халықаралық фестивалінде табысты өнер көрсетіп биік марапаттарға ие болғандары жайлы деректерді еске салған жөн. 2011 жылы Әлішер Кәрімов үшінші орынға ие болды, Димаш Құдайберген Бас жүлдеге 2015 жылы иеленді, Ернар Садирбаев бірінші орынды 2018 жылыалды.

Гран-при иесінің шығармашылық мансабы белсенділікпен дамыды. 2012 жылы Әділхан Макин «Жас қанат» жас орындаушыларының республикалық байқауының финалисті болды, бір жылдан кейін — «Шабыт» халықаралық байқауының II сыйлық иегері. 2018 жылы ол X-Factor теледидарлық жобасының финалисті (Қазақстан) және Ту онда өткен халықаралық конкурстың Гран-при иегері («Сіздің толқыныңыз», Марбелла, Испания). Сонымен қатар ол Болгариядағы Добрич қаласында өткен Сарандав 2019 халықаралық рок-поп-конкурсында бірінші орынды жеңіп алды.

Байқаудың бірінші күні «Славян базары» алаңында Әділхан «Озеро надежды» («Үміт көлі») әнін шырқады, оның музыкасы мен сөздерін орыс композиторы Игорь Николаев жазды. Михаил Финбергтің басшылығымен Ұлттық академиялық концерттік оркестрдің сүйемелдеуімен вокалист 89 ұпай жинап, бірден көшбасшылық жарысты бастады. Байқауға қатысушылардың ішінде 16 елдің — Қазақстан, Беларусь, Ресей, Германия, Швейцария, Болгария, Мальта, Израиль, Қытай, Латвия, Украина, Польша, Литва, Грузия, Армения және Молдова өкілдері болды.

Екінші кезеңде Әділхан қазылар алқасы мен көрермендерді Стилхарттың «Она ушла» («Ол кетті») әнімен таңқалдырды. Нәтижелер жарияланғанға дейін әнші Абайдың 175 жылдығына арналған ерекше эстафетаға қатысты. Беларусь жерінде ол қазақтың ұлы ақыны және ойшылы «Көзімнін қарасы» әнінен үзінді орындады. Байқаудың марапаттарына ие болған басқа да сайыскерлер ерекше болды. Бірінші жүлдеге Грузиядан келген Георгий Путкарадзе ие болды. Ол 171 ұпай жинап, қазылар алқасынан қосымша дауыс алды. Екінші сыйлық иегерлері — әнші Эли (Израиль) және Беларусь өкілі Ваня Здонюк (170 ұпай). Үшінші орын ресейлік Иван Дятловқа (168 ұпай) және украиналық Дмитрий Бабакқа (167) бұйырды. Әділханның тәлімгері Кайсиди И.Г өзінің талантты шәкіртінің осы жеңісін үлкен қуанышпен қабылдап, ерекше жігерлікпен Әділханның болашағына үлкен үміт арттыруда.

Қазақстан Республикасының халық әртісі Лаки Кесоглу мектебінің жалғастырушысы, ол өзінің отандық эстрада әншілерінің жас буынына жоғары кәсіби білім бере отырып, өзінің педагогикалық тәжірибесімен бөлісуге дайын. Иоаннис Георгиевичтің өзі 2018 жылы докторлық диссертация қорғап, философия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алды. «Заманауи Қазақстанда вокалды және эстрадалық өнердің қалыптасуы» ғылыми зерттеу тақырыбы отандық эстрадалық өнердің өзекті мәселелерімен тығыз байланысты және көптеген ғылыми іс-шараларда сыналуда. Болашақта орындаушы-ғалым және перспективалы тәлімгер осы материал негізінде монографияны екі тілде шығаруды жоспарлап отыр, ол оқырманын тікелей тауып, болашақ орындаушылар мен ғалымдар үшін құнды құрал болады [3]. Вокалды және эстрадалық өнер мәселелерін ғылыми тұрғыдан зерттей отырып, ол әсіресе жоғары кәсіби деңгейдегі болашақ мамандарды даярлаумен тікелей байланысты, ең құндысын ала отырып, эстрада мәдениетін икемдеу техникаларын зерттеуге ерекше назар аударады. «Эстрадалық вокал» кафедрасының оқытушылар құрамының жас орындаушыларымен әңгімелесу барысында олар өз бөлімдерінің жемісті өсуіне түрлі жолдар ұсынады, олардың іс-әрекеттері әртүрлі деңгейлер мен түрлі концерттік сахналарда орындаушылық арқылы дарынды жастардың шығармашылығын насихаттауға көп күштерін жұмсайды. Осының бәрі Қазақстанның мәдени саясатын, шығармашылық құндылықтарын қалыптастыруға негізделген және ұлттық мәдени құндылықтар, тарихи тәжірибе, ұлттық дәстүрлер, этникалық сәйкестендіру және ұлттық кодексін сақтау негізгі тірегі болып табылады. Сонымен қатар, қоғам мен мемлекеттің барлық маңызды аспектілерін сапалы бағалауға бағытталған.
Аталған барлық іс-шаралар «Ұлы даланың жеті қыры» Мемлекеттік бағдарламасының жарқын және белсенді іске асырылғанын айғақтайды, оның негізгі постулаттары түркі тілдес халықтардың мәдени мұрасын сақтау, ұлттық мәдениеттің қазіргі және болашағының қалыптасуы үшін жағдай жасау, қазақ ұлтының қалыптасуы мен өзін-өзі сәйкестендіру үшін негіз қалаушы платформа ретінде рухани жаңғыру болып табылады. Қазақстанда бұрын-соңды болмаған кәсіби биіктіктерге қол жеткізе отырып, өзінің күрделілігі мен көптүрлілігі бойынша бірегей полижанралық музыка өнері дамып келеді [4].

Мәдениеттің рөлін түсінудің заманауи тәсілі жаңа әлеуметтік-мәдени ортаны қалыптастыруды қажет етеді, оның маңызды бағыттары қоғамның шығармашылық қызметке деген көзқарасын, жеке тұлғаның, бизнестің және тұтастай мемлекеттің жетістіктерінің маңызды аспектілерін өзгертеді. Шекаралардың ашықтығы, ақпараттың қолжетімділігі Қазақстанға жаһандану үдерісіне белсене араласуға, түрлі елдердің мәдениетінің инновациялық жетістіктеріне қосылуға мүмкіндік береді.

Осылайша, Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа қарқынды кіруі, соңғы уақытта зор шығармашылық тәжірибе алудың бірегей мүмкіндігіне алып келген ақпараттық жолдардың ашылуын көрсету маңызды және жаңашыл үрдіске айналды.

Д.О.Салыкова,
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұстазы

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Назарбаев Н.А. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру».//Егемен Қазақстан. 12.04.2017.
  2. Назарбаев Н.А. Из выступления на XX сессии Ассамблеи народа Казахстана «Стратегия «Казахстан – 2050»: один народ – одна страна – одна судьба», 24.04.2013.
  3. Назарбаев Н.А. «Ұлы даланың жеті қыры». //Егемен Қазақстан, 21.11.2018.
  4. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының ұстазы Д.Салықованың PhD докторы И.Г.Кайсидимен сұхбаты (сәуір, 2019).

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *