Жаңа ғаламның жаңалығы

Біз тамашалаған бүгінгі көрініс жаңа заман технологиясының озық бір үлгісін көрсетеді. Әрбір сәт сайын дамып жатқан ғаламда жаңа технологияның туындылры бізді таңғалдырудан жалықтырар емес. Соның бір дәлелі бүгінгі концерттің көрінісі болды. «Смартфондар оркестрі». Құлаққа айтарлықтай таңсық естілмесе де, көрер көзге ерекше әсер береді. Адамның ұшқыр қиялынан туындаған бұл идея таңғалдырмай қоймады. Алған әсермен бөліспеу мүмкін емес. Бұл концерт жаңашылдығымен ерекшеленді. Қолына смарфондарын ұстаған жас музыканттар дирижердың басшылығымен шығарма ойнап шықты. Бұл көрініс біздің тамашалаған көрінісіміздің тек бір бөлігі ғана болды. Бұдан өзге дирижер өзінің қол қимылының бағытын түсінетін жаңа аппаратпен таныстырып, өнер көрсетті.

Смартфондар оркестрі

Толықтай таныстыра өтейік. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында «Цифрлық күз 2018»  жобасы бастау алды. 2018 жылдың 16 қазанында Алматы қаласында тұңғыш ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Қазақстандағы Франция елшілігі мен Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен Францияныӊ Қазақстандағы мәдениет маусымы — «Цифрлық күз — 2018» фестивалі басталды.

Фестиваль мақсаты — цифрлық технологияларды, жаӊа ойлауды дамыту, азаматтарды цифрлық өнер туындысына тарту, өнердегі өнертапқыштық пен инновацияға жағдай жасау. Фестиваль аясында лекция, анимациялық фильмдер жасау бойынша мастер-класс, интерактивті концерт, өнерде инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жасалған сандық көрме өтті.

18 – қазан күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Faust» бағдарламалау тілінде Grame жасаған смартфондарға арналған интерактивті жоба және қолданбалы жүйені көрсететін Smart Faust концерті өтті.

Смартфондар оркестрі

Концертті Алматы қаласы әкімінің орынбасары Қырықбаев Арман Оразбайұлы мен Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэның құттықтау сөздерімен бастады. Концерт екі бөлімнен тұрды: бірінші  бөлім — дирижер Ксавье Гарсияның бастауымен смартфондар мен «солистердіӊ» хорына арналған «Dandelion», «Lifelines 3», «Мéphisto» шығармалары, ұрмалы аспапта сүйемелдеген Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының 4-курс студенті Ботабаев Данияр, ал екінші бөлім көрерменніӊ тікелей қатысуымен «Belzebuth» шығармасы орындалды.

Қазақстандағы «Цифрлық күз 2018» мәдени іс-шаралар маусымы Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтыӊ онжылдығын тойлау аясында өткізіліп отыр. Франция өз серіктесініӊ әртүрлі экономикалық салаларында енгізіліп үлгерген цифрлық даму стратегиясын қолдауға ниетті. Цифрлық технологиялар саласында Франция бірқатар озық жобалардыӊ иесі: Station F жобасы — Париж қаласыныӊ 34 мыӊ шаршы метр аумағында орын тепкен әлемдегі еӊ ірі стартап инкубаторы. Оныӊ серіктестерініӊ қатарында Facebook және Microsoft сияқты ірі компаниялар бар. Францияныӊ озық цифрлық дамуыныӊ ендігі бір мысалы ретінде 42-мектепті де атап өтуге болады. Мектеп информатика саласы бойынша толықтай тегін түрде берілетін оқытуды ұсынады. Мектеп кампустары Калифорнияда және Париж қаласында орналасқан.

Смартфондар оркестрі

«Цифрлық күз 2018» маусымы аясында цифрлық даму тақырыбында барлығы он шақты мәдени шара өткізу жоспарланып отыр. Бағдарлама аясында бой көрсететін француз әртістері Қазақстан студенттері мен әртістерімен шығармашылық мастер-класстар мен мамандырылған оқу ордаларында кездесулер барысында жұмыс жасайтын болады.

Іс-шараның басты демеушілері: TOTAL, TS Development, Astana Group, SANOFI, Dostyk Plaza, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қоры, Рухани жаңғыру бағдарламасы және Сорбонна-Казақстан Институты.

Адамның ой-қиялы ұшан теңіз. Заманымыздың қарыштап дамуы өмір сүру дағдыларымызды өзгертті. Ендеше жаңа технологияның жарқын жаңалықтарының күәсі болуға шақырамыз.

 

Әлима РАХЫМЖАНОВА
Әсел КӨШЕРБАЕВА
2-курс студенттері

,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Срок проверки reCAPTCHA истек. Перезагрузите страницу.