Арт-менеджмент саласындағы мамандарды даярлау бағытындағы II халықаралық студенттер байқауы

2021 жылдың 8-9 сәуір күндері ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Арт-менеджмент саласындағы мамандарды даярлау бағытындағы ІІ Халықаралық студенттер байқауы өтті.

Менеджмент саласындағы мамандандырылған және қызығушылық танытқан студенттердің басын қосқан байқау – Арт-менеджмент саласындағы білім беру қызметінің тиімділігін арттыруға және шоғырландыруға бағытталған іс-шара болды. Байқаудың мақсаты – студенттердің арт-менеджмент саласындағы интеллектуалды белсенділігін арттыру.

Ұйымдастыру комитеті профильдік бағыттағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын практик менеджерлер, жұмыс берушілердің және жоғары оқу орындары өкілдерінің арасынан қазылар алқасын құрды.

Байқау үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті. Байқауға қатысушылар – Арт-менеджмент саласындағы мамандарды даярлау бағытындағы шығармашылық университеттерінің 1-4 курс студенттері (бакалавриат) болды.

Байқау екі кезеңнен тұрды:
1 кезеңде – шығармашылық іс-шараға арналған жобаның презентациясын қорғау;
2 кезеңде – ахуалды басқаруға арналған шығармашылық тапсырмалар.

Байқау Zoom платформасында онлайн түрінде өтті. Байқауды ұйымдастырған: «ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, РММ «Қазақ ұлттық өнер университеті».

Байқау жеңімпаздары келесі нәтижелер бойынша марапатталды:

Бас жүлде иегері:

  • Төлеу Рауана Бекболатқызы – Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясы. «Арт-менеджмент» мамандығы бойынша 3 курс студенті. Жобаның тақырыбы – «Spoon Show». Жоба жетекшісі – Малаева Раушан Аманбекқызы.

1-ші орын иегері:

  • Зейнулла Даяна Қайратқызы – Қазақ Ұлттық Өнер университеті. Жобаның тақырыбы – «Реалити-шоу «Q-GENERATION». Жоба жетекшісі – Ильясов Жақсыгелді Қалкенұлы.

2 орын иегерлері:

  • Әшірбекова Анель Ержанқызы – Қазақ Ұлттық Өнер университеті. Жобаның тақырыбы – «Иммерсивное шоу «Бессмертие-Коркут-Музыка» Жоба жетекшісі – Арғынов Бабыр Мейрамұлы.
  • Ахметуллина Ажар – Қазақ Ұлттық Өнер Университеті. Жобаның тақырыбы – «Фестиваль «Экофест».

3 орын иегерлері:

  • Умарходжиев Елисей Константинович – Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы. Жобаның тақырыбы – «Фестиваль чая». Жоба жетекшісі – Сорокина Юлия Владимировна.
  • Солтанбек Айжан Қуанышқызы / Сұлтанбай Арман Мұқанұлы – Қазақ Ұлттық хореография академиясы. Жобаның тақырыбы – «Ұлы көш» эксперименталды көше перфомансы». Жоба жетекшісі – Шаримов Алпамыс Ускенбаевич.
  • Байжомартова Айдана Қанатқызы – Қазақ Ұлттық Өнер университеті. Жобаның тақырыбы – «Creative agency “Light Entertainment”. Жоба жетекшісі – Арғынов Бабыр Мейрамұлы.

Арт-менеджмент саласындағы мамандарды даярлау бағытындағы ІІ Халықаралық студенттер байқауы Арт-менеджмент саласындағы мамандарды даярлау бағытындағы ІІ Халықаралық студенттер байқауы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Арт- менеджмент саласындағы мамандарды даярлау бағытындағы II Халықаралық студенттер байқауы біткеннен кейін, біз Бас жүлде иегері Төлеу Рауанадан сұхбат алдық.

Рауана, жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Өзіңіздің оқу орныңыз туралы қысқаша мағлұмат беріп кетсеңіз?

― Үлкен Рахмет! Оқу орным туралы айтып кететін болсам, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Арт-менеджмент каферасының» 3 курс студентімін.

Бұл байқау қашықтыққа қарамай, Сізге қандай әсер қалдырды?

― Бұл байқаудың қашықтықтан өткеніне қарамастан көп әсер алдым. Байқауға дайындық, қатысу және нәтижелерін күту, қобалжу -бұның бәрі жеткізе алмастай әсер берді.

Байқаудың қалай өткенін қысқаша айтып кетсеңіз.

― Бұл байқау жалпы 2 кезеңнен тұрды. 1-ші кезеңде біз жобамызды, яғни презентация арқылы барлық идеямызды, ойымызды, продюсер ретінде толығымен қорғадық. 2- ші кезеңде ситуациялық сұрақтар болады. Арт -менеджмент саласы бойынша және презентация бойынша әр түрлі сұрақтарға жауап бердім.

Бұл конкурстан қандай тәжірибе алдыңыз?

― Бұл конкурсқа қатысарда, тәжірибе алу мақсатын көздегенмін, себебі бір жылдан астам карантин уақытында конкурстар болмады. Осы конкурс жайлы естігеннен кейін, бірден дайындықты бастап кеттім. Әр қатысушының жобасы әр түрлі, көптеген ой түйеді, жобаны қорғау барысында қателіктерімізді біліп, соны түзеуге үлкен мүмкіншілік болды. Сөйлеу мәнері, әрі ойды дұрыс жеткізе білу, сұрақтарға жауап беріп, оны тыңдай білу әрі ситуациядан шыға білу сияқты баға жетпес тәжірибелер алдым.

Сіздің тақырыбыңыз қандай болды, не туралы?

― Менің тақырыбым «Spoon Show», ағылшын тілінен аударғанда «қасық» деген мағынаны береді. Біз қасықты күнделікті өмірде тек ас дайындау үшін пайдаланамыз. Ал мен бұл жобада қасықты тек ас үйде ғана емес, сонымен қатар қоғамда, өмірде қолдансақ деп ойладым. Өнермен байланыстыра отыра, ежелде музыкалық аспап ретінде қолданғаны жайлы айтып, тақырыпты аша түстім.

Жоба жетекшісі жайлы айтып кетсеңіз?

― Менің жобамның жетекшісі әрқашан бізге қолдау білдіріп, көмегін аямайтын, екінші анамыздай болып кеткен ұстазым – экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Малаева Раушан Аманбекқызы болды.

Жобада қорғаған идея жайлы мағлұмат берсеңіз.

― Негізгі идеям осы өнермен байланыстыра отыра, қақтығысты шешу. Әр ұлт -өкілі арасында ешқандай қақтығыс болмаса екен деген мақсат болды, барлығымыз тату-тәтті болсақ, ол үшін бір- бірімізбен сыйласып, құрметпен қарауымыз керек. Өнер барлығымызды біріктіреді деп санаймын. Қазақстанда бір шаңырақ астында көптеген ұлт- өкілдері тұрамыз. Араласа келе, бір біріміздің мәдениетімізбен, өнерімізбен, музыкамызбен, тілімізбен жақын араласып, бір орталыққа жиналып жұмыс жасасақ, құрметіміз бен сыйластығымыз күшейе түседі. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандарды да жанымызға тарта отыра, оларға шуақ, нұр сыйлау. Барлығымыз біркелкі өнермен шұғылдана отыра, көптеген мәселелерді шешуге жігер беру.

Бас жүлде иегері Төлеу Рауана

Бас жүлде иегері Төлеу Рауана

Бас жүлде иегері Төлеу Рауана

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рауана, болашақта Сізге көптеген шығармашылық табыстар тілейміз! Алға қойған мақсаттарыңыз орындала берсін!

 

Халық музыкасы факультеті,
Қобыз- баян кафедрасының 3-курс студенті
Динара Бағарабай

жетекшісі – музыкатану және композиция кафедрасының доценті Ғалия Қалымова

,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *