«Тұрақты, гүлденген Қазақстанның мәдени дамуы» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жүргізілді

Қазақ ұлттық өнер университеті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп 2019 жылғы 2 қыркүйектегі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауына арналған “Тұрақты, гүлденген Қазақстанның мәдени дамуы” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

«Тұрақты, гүлденген Қазақстанның мәдени дамуы» Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияСындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” Жолдауы (бұдан әрі – Жолдау) егеменді Қазақстанның одан әрі даму жолдарын айқындады. Жолдауда Қазақстан халқының әлеуметтік және мәдени даму мәселелеріне баса назар аударылды.

Конференцияның мақсаты Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту процесінде мәдениетті одан әрі дамыту, алдағы атаулы оқиғалар мен мерейтойларды, сондай-ақ шығармашылық мамандықтарға оқыту және талантты жастарды әлеуметтік қолдау мәселелерін талқылау болып табылды.

Конференция аясында келесі секциялардың жұмысы жоспарлануда:

  • 1. Қазақстанның әлеуметтік модернизациясы мәдениетінің мәселелері.
  • 2. Шығармашылық қызметкерлерді оқыту мен қолдаудың өзекті мәселелері.

Конференция аясында ҚР еңбек сіңірген өлкетанушы Ғизат Жолданғарұлы Табулдиннің “Жошы хан және Ұлы дала” кітабының тұсаукесері өтті.

 

КОНФЕРЕНЦИЯ ҚОНАҚТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ:

  1. Мохаммад Ахмад Аль-Джабер, БАӘ-нің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;
  2. Лиат Вексельман, Израиль Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;
  3. Юсеф Абдельгани, Хашимит Корольдігінің және Йорданияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;
  4. Бегатаров Ардақ Құрмашұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Білім беру қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментінің білім беру және ғылыми қызмет басқармасының бастығы;
  5. Шибкенов Зейнолла Рахымұлы, Нұр-сұлтан қалалық мәслихатының депутаты;
  6. Оразақ Исмағұлұлы Ысмағұлов, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Болон ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Ш. Уәлиханов премиясының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері;
  7. Тілешов Ербол Ердембекұлы, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы “Тіл қазына” ғылыми-практикалық орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты;
  8. Еңсебай Ержан Серікболұлы, Нұр-сұлтан қалалық әкімдігінің “Руханият” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы;
  9. Кенжина Насиха Ғұмарқызы, “Dede Gorgut” Ұлттық қорының және “World of Azerbaijan” халықаралық журналының өкілі»;
  10. Санджай Гарг, Свами Вивекананд атындағы мәдениет орталығының директоры;
  11. Омар Жәлелұлы, филология ғылымдарының кандидаты, “Алаш” мәдени-рухани даму институтының ғылыми қызметкері”»;
  12. Jose Humberto Baeza Estrada, ағылшын тілі оқытушысы (Мексика));
  13. Дүкенбаева Задаш Оразғалиқызы, тарих ғылымдарының докторы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры;
  14. Қаудыров Төлеш Ерденұлы, профессор, заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі;
  15. Дәулет Жамаубайұлы Кәрібек, Нұр Отан партиясы жанындағы “Жас Отан” жастар қанатының төрағасы.

пресс-релиз

,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *