Әміре Қашаубаев атындағы республикалық дәстүрлі ән орындаушыларының байқауы

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы 2022 жылғы 18-19 қазан айы аралығында Алматы қаласында «Әміре Қашаубаев атындағы дәстүрлі ән орындаушыларының республикалық байқауын» ұйымдастырды.

Әміре Қашаубаев атындағы республикалық дәстүрлі ән орындаушыларының байқауы Бұл сайыс әйгілі дарын иесінің есімін мәңгі есте сақтау мақсатында 1980 жылы бастау алды. Алғашында төрт жылда бір рет өткізілсе, кейін екі жылда бір рет ұйымдастырылып жүрді. Бірақ араға үзіліс салып, биыл қайта қолға алынып жатыр. Байқау екі кезеңнен тұрды. Шараға облыстық, республикалық маңызы бар қалалар деңгейіндегі конкурстардың жеңімпаздары атанған 20 жастан 35 жасқа дейінгі әншілер қатысты. Биыл 50-ге жуық өнер иесі өтініш берген екен.

Байқаудың негізгі мақсаты:

  • қазақ халқының дәстүрлі ән өнерін дамыту үшін жағдай жасау, өскелең ұрпақты эстетикалық тәрбиелеуде рөлін күшейту;
  • орындаушылардың кәсіби шеберлігін арттыра отырып, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
  • ән өнеріндегі ұрпақ сабақтастығын жалғастыру.

Әміре Қашаубаев атындағы дәстүрлі ән орындаушыларының байқауы бағы мен бабын сынайтын ең жоғарғы деңгейдегі ән додасы болып есептеледі.

Байқау 2022 жылғы 18-19 қазан айы аралығында Алматы қаласында өткізілді.

Байқауға қазылық жасаған қазылар алқасының төрағасы

  • Нұржан Қабимоллаұлы Жанпейісов – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, Ә.Қашаубаев атындағы Республикалық дәстүрлі ән орындаушылары байқауының гран-при иегері.

Сондай-ақ төрешілердің құрамында:

  • Жанпейісова Сәуле Стаханшылқызы — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Халық әні» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты.
  • Күзеубай Амангелді Ұзақбайұлы — ҚР Мәдениет саласының үздігі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторясының «Халық әні» кафедрасының меңгерушісі, доцент, PhD докторы.
  • Төленбаева Клара Мүфтиқызы –ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің «Дәстүрлі ән» кафедрасының доценті, «Құрмет» орденінің иегері.
  • Айтбаев Ербол Хамитұлы –ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры.

Әміре Қашаубаев атындағы республикалық дәстүрлі ән орындаушыларының байқауы Әміре Қашаубаев атындағы республикалық дәстүрлі ән орындаушыларының байқауы

 

Байқау біткеннен кейін, біз Бас жүлде иегері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі, Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының әншісі Дәуренбек Слямғалидан сұхбат алдық.

Дәуренбек, Сізді осындай үлкен жеңіспен шын жүректен құттықтаймыз! Әміре атамыз атындағы байқау көңіліңізден шықты ма? Қандай әсер алдыңыз?

— Үлкен рахмет! Әміре атамыздың атындағы байқау өте керемет әсер қалдырды. Себебі шоқтығы биік деңгейі жоғары конкурстардың біріде бірегейі, сайдың тасындай керемет орындаушылар кереметей әншілер бақ сынастық, жәнеде мықты дода болды.

Байқау неше кезеңнен тұрды? Қандай әндер орындалды?

— Байқау екі кезеңнен тұрды. Екі кезеңдеде төрт әнді айту міндеттелді. Ішінде шарт бойынша халық әні, халық композиторларының әні, Әміре Қашаубаев атамыздың репертуарынан бір ән жәнеде қәзіргі заман композиторы әні. Мен орындаған әндерім — халық әні «Смет», А.Қорамсаұлының «Құлагер», «Перуайым» әндері, Р.Елібаевтың «Жас қазақ» әні, Жарылғапбердінің «Топайкөк», «Ағаш аяқ» әндері.

Байқауда Сіздің көзіңізге түскен ерекше өнерпаз кім болды? Қандай ерекшелігімен ұнады?

— Барлығыда сақадай сай әншілер, өте үлкен дайындықпен келген. Ішінде баянның сүйемелдеуінде орындаған әншілер де болды. Конкурсқа қатысушылар сахнада ән орындаған сәтте керемет әсер қалдырды. Нақты бір бөліп жарып айтуға да келмейді. Бәріде бір бірінен асып түседі. Байқау жоғары деңдейде өтті.

— Рахмет, Дәуренбек! Болашақта Сізге көптеген шығармашылық табыстар тілейміз! Әрқашан биіктерден көріне беріңіз!

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық
консерваториясының «Халық әні» кафедрасының
4 ші курс студенттері Алида Хуанова, Бақытгүл Даниялова.

Жетекшісі — «Музыкатану және композиция» кафедрасының доценті Ғалия Қалымова

, ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Срок проверки reCAPTCHA истек. Перезагрузите страницу.