Белоруссияда өткен III Халықаралық конкурс-фестиваліндегі еліміздің жас өнерпаздары

2021 жылдың 27-28 наурызында Белоруссияның Минск облысы Борисов ауданының «Староборисовская балалар көркемсурет мектебі» мемлекеттік білім беру мекемесі барлық аймақтардан, жақын және алыс шетелдерден келген музыканттардың шығармашылық бастамасын белсендіруге ат салысып, «Вдохновение родного края» атты воклдық және аспаптық өнердің III Халықаралық конкурс-фестивалін ұйымдастырды.

Белоруссияның барлық аймақтарынан және шетелдерден білім беру мекемелерінің, сондай-ақ жеке мектептер мен студиялардың орындаушылары мен шығармашылық ұжымдары қатысуға шақырылды.

– Конкурс-фестивальге төрт жастан жоғары орындаушылар қатысты.

– Әр қатысушы немесе топ әр түрлі сипаттағы екі музыкалық шығарма дайындады.

– Тыңдалымдар бейнежазба (YouTube) онлайн формат арқылы өткізілді.

Конкурс-фестиваль номинациялары:

Аспаптық өнер:– фортепиано- ішекті аспаптар- халық аспаптары- үрмелі және ұрмалы аспаптар

Вокал өнері:- академиялық ән айту- халық әні- эстрадалық ән айту- джаз әні- хормен ән айту

Қазылар алқасы құрамында білікті мамандар мен аспаптық және вокалдық өнер саласындағы танымал қайраткерлер болды.

«Аспаптық өнер» номинациясы бойынша қазылар алқасы:·      

Цыганков Александр Андреевич – Ресейдің халық әртісі, Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясының профессоры.

Войин Васович – Сербияның Крагуевац қаласындағы Filum университетінің өнер факультетінің профессоры.       

Басықара Ерсайын Бақытұлы – ҚР Мәдениет қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры. 

«Аспаптық өнер» номинациясында халық аспаптары бойынша 102 қатысушы болды. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясынан 9 студент қатысты. Соның ішінде жүлделі орындарға ие болғандар:

1 орын:
Тигай Кристина (Домра-прима)
Батиханов Арна (Домбыра)
Бақыт Бексұлтан (Домбыра)
Базарбаева Назерке(Домбыра)
Марат Мұстафа (Шертер)

2 орын:
Мағжанов Мирас (Баян)
Күнтаева Ғалия (Прима қобыз)

3 орын: Қараш Назира (Домбыра)

Диплом: Ерман Әсел (Прима қобыз) 

Марапаттау біткеннен кейін біз Ерман Әселден сұхбат алдық:

― Әсел, жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл конкурс Сізге қандай әсер қалдырды? 

Мен үшін онлайн конкурс біраз қиынырақ болды. Барып қатысқанда жеңілірек болатын, түсінесің, жюрилардың алдында көзбе-көз ойнайсың. 1 видеоны жазу үшін қаншама дайындық, уақыт, төзім керек болды. Байқауда мен өнерпаздардың әрқайсысынан шабыт алдым. 

― Өз орындаушылық қабілетіңізді қалай бағаладыңыз? Өз орындауыңыз көңіліңізден шықты ма?

Менің өз орындауым көңілімнен біраз болса да шықты. Концертмейстер өз ойынын запись арқылы бізге жібергендікетен, қосылу жағы қиынға түсті. 

― Келешек қобызшыларға қандай кеңес бересіз?

Талмай еңбек етіп, көп дайындалу керек. Ешқашан мойымау керек. Сәттілік!

Әсел, Сізге болашақта көп шығармашылық табыс тілейміз! Алар асуларыңыз көп болсын!

Халық музыка факультеті
Қобыз баян кафедрасының 3 курс студенті
Күнтаева Ғалия

жетекшісі – музыкатану және композиция кафедрасының доценті Ғалия Қалымова

 

,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *