Домбыра күніне арналған флешмоб

Консерватория қазақстандықтарды алдағы Ұлттық домбыра күнімен өзгеше құттықтады.

2018 жылдың 27 маусым күні консерваторияның үлкен залынык алдында ұлттық музыка факультетінің оқытушылары мен студенттері ерекше музыкалық флэшмоб ұйымдастырды.

Домбыра кафедрасының таланттары аңызға айналған «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа» және Ахмет Жұбановтың «Би күйін» орындады. Студенттермен бірге Сахарбаева Карима, Үлкенбаева Айгуль, Искаков Билял, Садықов Сәлімгирей сияқты атақты тұлғалар өнер көрсетті.

домбыра күні

Ұлттық музыка факультетінің деканы Сахарбаева Карима: «Елбасының «Ұлттық домбыра күнін» тағайындауы бүкіл қазақ халқына қуаныш сыйлады. Қазақ халқы мен домбыраны екі бөліп қарау мүмкін емес. Қиын- қыстау кезде де, қуанған шақтарда да еліміз домбырасынан бір елі айырылмаған. Бұл мереке, сөзсіз, жаңа жобалар мен зерттеулерге түркі болады. Қызығушылық тудыратыны анық. Бәріңізге құтты болсын!»

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы ҚҰК профессоры Үлкенбаева Айгүл: «Бұл мереке өнер адамдары үшін, әсіресе, күйшілерге серпіліс алып келді. Тек бізге ғана қатысты емес, жалпы исі қазақтың мерекесі деп білемін. Өзіміздің мәдени құндылықтарымызды сақтау үшін рухани құндылықтар маңызды. Мереке домбыраның дәрежесін биіктеттi».

Ұлттық домбыра күні Елбасы шешімі бойынша алғаш рет 2018 жылдың 1 шілдесі күні тойланбақ.

Тарихқа көз жүгіртейік..

Ұлттық музыка факультеті, нақтырақ, домбыра кафедрасы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының базасында (ол кездегі Алма-Ата консерваторисы) Ахмет Қуанұлы Жұбановтың бастамасымен 1945 жылы ашылған.

Кафедрада атақты күйшілер, елімізге танымал  ұстаздар дәріс берді. Олардың арасында Қали Жантілеуов, Лұкпан Мұхитов, Нұрғиса Тлендиев, Малгаждар Аубакиров, Каршыга Ахмедьяров т.б. Бүгінгі күні Карима Сахарбаева, Айгул Үлкенбаева, Билял Искаков, доценттер Садиков Сәлімгирей, Абдулхамит Раимбергенов сынды өз білгендерімен бөлісіп жүр.

домбыра күні

Халық музыка факультеті жанынан көптеген шығармашылық ұжымдар пайда болды. Солардың бірі фольклорлық- этногрфиялық «Сарын» ансамблі концерттік бағдарламаларға белсенді қатысады. Домбырашылар мен қобызшылар ансамблі және дирижері Абылай Тлепбергенов қазақ ұлттық аспаптар оркестрі ерекше мақтануға тұрарлық ұжымдар.

Құрманғазы атындағы ҚҰК ақпараттық бөлімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Срок проверки reCAPTCHA истек. Перезагрузите страницу.