Нұр-Сұлтанда Үздік киносценарийлер байқауының жабылу салтанаты өтеді

Үздік киносценарийлер байқауы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жариялаған «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық аясында және Қазақстандағы Жастар жылы аясында ұйымдастырылды. Байқауды Қазақ ұлттық өнер университеті мен Қазақстандағы Қытай кәсіпкерлері одағы ұйымдастырды.

Байқаудың мақсаты – талантты жастарды анықтау, Қазақстанда кино шығармашылығын дамыту үшін жағдай жасау, отандық киноөнімді әлемдік нарыққа жылжыту.

2019 жылғы 15 қыркүйектен 30 қарашаға дейін Қазақ ұлттық өнер университетінде Үздік киносценарийлер байқауына қатысушылардың сценарийлері мынадай номинациялар бойынша қабылданды: «Толық метражды ойын фильмі», «Толық метражды анимациялық фильм», «Қысқа метражды ойын фильмі», «Қысқа метражды анимациялық фильм», «Мобильді құрылғыларға арналған киносценарий», «Деректі толық метражды фильм» және «Деректі қысқа метражды фильм».

3 желтоқсанда жеңімпаздардың аты-жөнін жариялай отырып Үздік киносценарийлер байқауының салтанатты жабылу рәсімі өтеді. Іс-шараның қонақтары іскер топтар, дипломаттар мен саясаткерлер, мәдениет қайраткерлері болады. Өнер университетіне хаттамалық сапармен Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяо, Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасы Елшілігінің кеңесшісі-елшісі Цзяо Хуайсинь, «Матен Петролиум» Бас директоры Сяо Хуанцинь, Қазақстан Республикасындағы Қытай кәсіпкерлері одағының Бас хатшысы Ху Хайсинь және т. б. қатысады.

ҚазҰӨУ баспасөз хатшысы Дина Мосиенко

,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Срок проверки reCAPTCHA истек. Перезагрузите страницу.