Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы аясында өткен XIII Республикалық пәндік студенттік олимпиада

Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен XIII Республикалық пәндік студенттік олимпиадасы онлайн форматта өтті.

XIII Республикалық пәндік студенттік олимпиада

Олимпиаданың негізгі мақсаты: Жан-жақты дамыған кәсіби музыкантты қалыптастыру, музыкалық және орындаушылық қабілеттерін дамыту, орындаушылық шеберліктерін жетілдіру. Оқу-тәрбие процесін жетілдіру және оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру, болашақ мамандардың кәсіби қабілетін дамыту, студенттердің оқу және танымдық іс-әрекеттерін ынталандыру, сонымен қатар отандық музыкалық мәдениеттің және Қазақстан Республикасының орындаушылық өнерінің үздік дәстүрлерін сақтау.

  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің музыкалық оқу орындарында білім беру стратегиясына орай консерваторияның миссиясын іске асыру;
  • Жастардың шығармашылық тұрғыдан өркендеуімен қатар ғылыми ізденістер мен зерттеулер;
  • Бұқаралық – ақпарат құралдарымен атқаратын жұмыстарына жағдай жасап, жан-жақты біліктілікке баулу, дарынды жастарды анықтау;
  • Жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызға, дәстүріміз бен мәдениетімізге тарту, қоғам дамуы мен ой-сана, ақыл- өріс салаластығына тәрбиелеу;
  • Республика ЖОО студенттері арасында достық қарым-қатынастың орнаутына, игілікті бастамаларды қолдауымен қатар, өзара бәсекелестік тудыруға ықпал ету.

Байқауға «Қобыз прима» номинациясы бойынша Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері Ахметова Зере, Ізбасарова Аякөз, Ерман Әсел, Күнтаева Ғалия, Турсынбекова Сая, Талғатова Нұрайсұлу, Оспанова Аида, сонымен қатар Қазақ Ұлттық Өнер университетінің (Нұр-Сұлтан қ.) Ауесхан Алина, Абдугали Аида, Нурадилова Асемай атты студенттері де қатысып, бақтарын сынады.

Байқауға қазылық жасаған қазылар алқасының төрайымы ҚР мәдениет қайраткері, Құрманғазы атындағы ҚҰК, халық музыка факультеті, қобыз және баян кафедрасының профессоры Рауандина Шолпан Заданқызы болды.

Сондай-ақ төрешілердің құрамында:

  • Құрманғазы атындағы ҚҰК, халық музыкасы факультеті, қобыз және баян кафедрасының аға оқытушысы, халықаралық сайыстардың лауреаты, өнертану ғылымдарының магистрі Джунусова Балжан Бекенқызы;
  • Қазақ ҰӨУ, қобыз және ОХА кафедрасының аға оқытушысы Мұсаева Кенжегүл Абласымқызы

сынды қобыз өнерін дәріптеп, қобыз аспабын жетік меңгеріп, шәкірт тәрбиелеп жүрген білікті ұстаздар қазылық етті.

Олимпиада қашықтықтан онлайн форматта өтті. Қатысушылар жақсы дайындығын көрсетіп, әрқайсысы өздерінің орындаушылық дәрежесінің жоғарғы деңгейде екендігін дәлелдеді.

Байқаудың талаптары бойынша орындаушылар күрделі формадағы шығарма (концерт) және Қазақстан композиторының шығармасы немесе өңделген күй орындады. Байқау онлайн форматта өткендіктен қатысушылар өнерлерін бейнежазбаға алдын-ала монтажсыз жазып (яғни, бір шығарманы орындап болысымен тоқтатып, келесі шығарманы жазуға болмайды, бейнежазба бір дубльмен жазылу керек), YouTube желісіне жүктеп, жазбаның сілтемесін ұйымдастыру комитетіне жіберу керек болды.

Қатысушылар екінші кезеңде қазақ музыкасы тарихы, орындаушылық өнер тарихы, арнайы пәндерді оқыту әдістемесі, мамандық пәніне байланысты 20 сұрақтан құралған тест сұрақтарына жауап берді.

Жүлделі орынға ие болғандар:

1-орын: Ізбасарова Аякөз.
2-орын: Күнтаева Ғалия, Әуесхан Алина.
3-орын: Талғатова Нұраусұлу, Ерман Әсел, Әбдуғали Аида

Халық музыкасы факультеті,
Қобыз-баян кафедрасының
3-курс студенті
Назерке Жылқыбай
жетекшісі – музыкатану және композиция

кафедрасының доценті Ғалия Қалымова

,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *