Ағылшын режиссері консерватория студенттерінің өнеріне тәнті болды

Үстіміздегі жылы қараша айының 5-8 аралығында Алматыда ағылшынның белгілі театр режиссері Тим Саппл (Лондон) жұмыс сапарымен болып қайтты. 2015 жылға жоспарланған ірі халықаралық шығармашылық жобасына материалдар жинақтап жүрген режиссерді Алматыда алдын ала жасалған жұмыс жоспарына сай кездесулер ұйымдастырылды.

Тим Саппл бүгінгі таңда дүние жүзіне танымал болған ірі халықаралық жобалар жасап: Шекспирдің «Дуалы түнгі думан», араб ертегілерінің негізінде «Мың бір түн» т.б. спектакльдерін Индияда, Араб елдерінде көп ұлтты актерлер құрамымен дайындап дүние жүзінің көптеген елдеріне, ірі халықаралық театр фестивалінде көрсетті. Ресей, Қырғызстан, Балтық жағалауы т.б. ТМД елдерін аралап материал жинақтаған қонақты Қазақстанның өткен ХХ ғасырдағы тарихы мәдениеті, өнері, адамдары бәрі қызықтырды. Тіпті Алматы көшелеріндегі адамдар, Орталық базардағы жалпы атмосфера да ол үшін қызықты детельдар болып жатты. Шартты атауы «1917» деп аталатын халықаралық театр жобасында режиссер Кеңестер Одағына біріккен көп санды халықтардың төрт ұрпағының тағдыры жайлы эпикалық қойылым жасамақ. Мұнда бірнеше төңкерістер мен екінші дүние жүзілік соғыс, репрессиялар мен саяси қудалаулар, тоқырау мен қайта құру, тәуелсіздік алған бүгінгі күнгі адамдар тағдыры мен тауқыметтері сөз болмақ.

«Алдаспан» рок тобымен

«Алдаспан» рок тобымен

Алматыдағы сапар барысында режиссер «Алдаспан» рок тобымен, «Тенгри FM» радио студиясында, «Арт и Шок» театрында қойылым тамашалап театр директоры Галина Пьяновамен және актерлер құрамымен, «Казахфильмнің» сценарилі-редколлегиялық коллегиясының жетекшісі Дидар Амантаймен, Ташкент қаласынан арнайы осында кездесуге келген белгілі композитор Дмитрием Янов-Яновскиймен (Өзбекстан, Ташкент), Алматының суретшілермен, М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының басшылығы және актерлер құрамымен, Неміс тобының артистері мен режиссері Наташа Дубспен жүздесіп сұхбаттасты.

Келесі жылы күзде Алматы қаласында осы жобаға қатысатын актерлер құрамы іріктеледі. Дайындық жұмыстарынан кейін спектакль бірнеше құрлықтар мен көптеген елдердің үлкен сахналарында, ірі халықаралық театр фестивальдарында көрсетіледі деп жоспарлануда.

Режиссердің Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Халық музыка факультеттінің Халық әні, Домбыра, Қобыз-баян кафедраларының студенттерімен кездесіп қазақ халқының баға жетпес мәдени мұрасы – көне музыкалық аспаптарымен және орындаушы студенттерінің өнерімен танысты. Кең байтақ Қазақстанның аспапты және ән орындаушылық мектептерінің сала-салаға бөлінген ерекшеліктерін бағамдап ұлттық музыка өнері жайлы ой түйіндеді. Осы кездесудің мазмұнды да жинақ өтуіне қол ұшын беріп өнерпаз студенттерді ұйымдастыруға көмектескен оқытушылар Эльза Карабалина мен Нұргүл Жақыпбекке айтар алғысымыз шексіз.

Тим Саппл студенттермен

Тим Саппл студенттермен

Кездесу соңында Тим Саппл сөз алып, жас өнерпаздардың халықтың шынайы рухани мұрасы болған дәстүрлі музыкасын орындау шеберліктеріне, ерекше сезімен беріле орындауларына тәнті болып ризашылық сезімін білдірді. Студенттер мен алыстан келген қонақ арасында өзара түсністікпен өткен кездесуден естелікке фотосурет қалды. 

Өнертану кандидаты, доцент

Аманкелді МҰҚАН

,

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *