«Ерінбей еңбек етіңіздер»: жас талант Абылай Нұрлыбек

Жаңа музыкалық газеттің Қазақстаннан П. И. Чайковский атындағы Халықаралық конкурсқа қатысушыларға назар аударуы дәстүрге айналды. Өткен жазда байқауға талантты скрипкашы Абылай Нұрлыбек қатысты. Біздің басылымның тілшісі оған бірнеше сұрақ қоя алды.

Абылай Нұрлыбек

Сәлеметсіз бе! Абылай, сіз шығармашылық мансапты енді бастап жатырсыз. Өзіңіз туралы аздап айтыңыз.

“Новая музыкальная газета” рубрикасына интервью беріп жатқаныма қуаныштымын. Осы интервью оқырмандарға дұрыс әсер қалдырады деген үміттемін. Менің есім – Абылай, атамның есімі – Нұрлыбек. Менің атам музыкант. Барлық аспапта ойнайды. Өнер жолында атамнан көп тәлім-тәрбие алдым. Мен Қазақстанда Алматы қаласында өмірге келдім. Жас кезімнен бастап өнерге деген талпынысым үлкен. 13 жасымда Мәскеуге оқуға түстім, музықалық академиялық музыканы меңгердім

Мен өзім үшін қымбат, білікті мамандардан жоғары білім, пайдалы кеңестер алдым. Олар менің кәсіби қызметіме зор әсер етті. Мысалы, Алматыдағы К.Байсейітова атындағы мектебіндегі ең алғаш ұстазым – Ольга Николаевна Данилова. Софья Борисовна Затуринская – скрипка бойынша қосымша сабақ беретін ұстазым. Софья Борисовнаның нұсқауымен Ресейге ұшып барып, П.И.Чайковский атындағы консерваторияның жанындағы Орталық музыкалық мектебіне Мәскеу консерваториясының доценті Анна Николаевнаның Соколова сыныбына оқуға түстім, ол кісі бүгінгі күнге дейін менің скрипка бойынша ұстазым болып табылады. Сондай-ақ, гармония бойынша ұстазым – Григорий Иванович Лыжов.

П.И.Чайковский атындағы мерейтойлық байқауға қатысу идеясы қалай туды? Бұл сіздің қалауыңыз болды ма, әлде біреу сізге өтініш беруге кеңес берді ме?

Мен үшін Чайковский атындағы байқауға қатысу өте маңызды болды, мен өз қабілеттерімді, мүмкіншілігімді сынағым келді. Иә, бұл менің көкейімде жүрген тілегім еді.

П.И.Чайковский атындағы алдыңғы байқаулар кезінде қатысушылардың тыңдалымдарына қатыстыңыз ба?

2019 жылы Орталық музыкалық училищеде оқып жүрген кезімде өткен Чайковский байқауы маған үлкен әсер етті, өйткені көптеген мектеп оқушылары мен қатысушыларды тыңдауға бардық. Ол кезде мен үшін маңызды болды.

Бұған дейін қандай жарыстарға қатыстыңыз? Өміріңіздегі ең алғашқы жарыстан алған әсеріңіз туралы айтып беріңізші. Бұл қай жаста болды? Қай жерде өтті?

Оқушы кезімнен бастап жарыстарға қатысатынмын. Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Италия, Франция, Испания, Швейцария сияқты елдерде байқаулармен болдым. Қазақстандағы ең алғаш байқауым «Астана-Мерей» байқауы болды, алғаш рет 13 жасымда қатыстым. Ол кезде мен жарыстың не екенін түсінбейтінмін, жарыстан ештеңе күтпедім. Астанаға келген соң тек қандай бағдарламамен сахнаға шығуым керек деп ойладым. Байқауда мен бірінші орынға ие болдым, сол кезде мен үшін бұл өте қуанышты оқиға болды. Осы байқаудан жүлдегер орынға ие болғанымның арқасында Мәскеуге оқу түс – мен үшін маңызды болды. Ата-анамның қолдау корсетуімен Мәскеуге Орталық музыкалық мектепке емтихан тапсырып оқуға түстім. Орталық мектепті Қызыл дипломға бітіріп П.И. Чайковский атындағы консерваторияға түсіп,оны да аяқтағалы отырмын. 6 сыныптан бастап осы күнге дейін Мәскеудемін. 

Чайковский байқауының ұйымдастырылуынан алған әсеріңіз қандай? Нені өзгертуге немесе жақсартуға кеңес берер едіңіз?

Алған әсерім керемет! Байқау барысында ұйымдастыру жоғары деңгейде болды, маған өте қатты ұнады. П.И. Чайковский байқауы – өте жоғары, теңдесі жоқ байқау. Үлкен сахна, көрермендер, бәйгеге қатысушылар үлкен талпыныс берді мен үшін. Бірінші турдан өткенде өте қатты қуандым. Қуанышымда шек болмады. Мен үшін күтпеген жағдай болды. Орындаушылық өнерде спорт сияқты. Кез келген сала еңбекті талап етеді. Сол себебті, ең негізгісі – еңбек. 

Музыка әлемінен сіз үшін ең маңызды авторитет кім?

— Бірегей, аты аңызға айналған композитор Фарид Золанд.

Өмір жолын таңдауға қандай жағдайлар немесе адамдар әсер етті? Неліктен бұл құрал таңдалды?

Менің атам музыкант, бала кезімде менің абсолютті естуімді байқап, бірден музыкалық мектепке оқуға берді. Мен бала-бақшаға да барып үлгерген жоқпын. Мені Атам мен апам 5 жасымда Республикалық К. Байсеитова атындағы мектепке құжаттарымды тапсырды. Қабылдау емтиханынан өттіп, скрипка бөліміне түстім. Атамның қалауы фортепиано болатын, бірақ қабылдау комиссиясы мені скрипка бөліміне, Данилова Ольга Николаевнаның сыныбына жазып, шешім қабылдап қойыпты. Осы кезден бастап, менің музыкалық қызметім басталды. Атама да, маған да скрипка өте қызық болды. Атам сабаққа өзі апарып алып келетін. Сабақ аптасына 3 рет болатын. Скрипка мен үшін өте қызықты, өте қиынды болды. Соған қарамастан мен оны оңай және тез меңгердім. 

Сізде басқа аспаптар бар ма?

Скрипкамен бірге музыкалық теорияны меңгердім. Екінші мамандығым – теоретик. Композиторлықпен шұғылданамын. 

Сізге музыкадан басқа өнердің қандай түрлері жақын?

Мен әдебиетке, әсіресе қазақ, парсы тілдеріне қатты қызығамын.

Сіз спортпен айналысасыз ба? Егер иә болса, онда қалай? Сіздің ойыңызша, музыкант үшін физикалық пішін маңызды ма?

Мен ер жігіт болғаннан кейін спорт мен үшін маңызды. Музыканттар спорттың барлық түрімен шұғылдана алмайды, сол себептен мен жүзуге ғана қатысамын. Сорт мен үшін – денсаулық және физикалық әдемілікті береді. Үлкен сахнада музыкаттардың көрікті болғаны да маңызды. 

Халықаралық байқауларға дайындалғанда жас музыканттарға қандай кеңес берер едіңіз?

«Біздің жас қанаттардың қанаттары талмасын. Менің ұстазым айтушы еді: «Талант – 1%, ал еңбек – 99%», – деп. Сол себебті ерінбей еңбек етіңіздер.

 

Жаңа музыкалық газеттің жеке тілшісі Юлия БЕЛОУС әңгімелесті 

, , , ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Срок проверки reCAPTCHA истек. Перезагрузите страницу.