Түркітілдес халықтардың музыкалық мәдениеті (ұйғыр халқы фольклоры негізінде)

Қазақстан Халықтар Ассамблеясының

20-жылдық мерейтойына арналады

 

Бәрімізге белгілі, отаны Шығыс Түркістан болып табылатын ұйғыр халқы – Орталық Азиядағы көне тарихы бар халық. Бұл этностың құрамын Шығыс Түркістанның оңтүстігіндегі ұлыстар және Тарим өзенінің бойында қоныстаған туысқан көшпенділер құрады.

Мақалада автор ұйғырлардың музыкалық мәдениетіне, олардың көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан көркем дәстүрлерінің негізінде ұлттық музыкалық өнерінің өзіндік ерекшелектерін, сонымен қатар, оның кезеңдерін анықтай отырып, қысқаша сипаттама береді.

Рейчелл Харристың (SOAS музыка бөлімінің Этномузыкология лекторы, Лондон), Ясин Мухпуллардың (ШУАР-дың өнер зерттеу бөлімі) айтуы бойынша Түрік қағанатының (Көк Түрік) құрамында болған ұйғырлар (VI ғ.) б.з. 552 жылдары Шығыс Түркістан территориясына қарай жылжыды. Ұйғыр-түріктер кейінірек, Ұйғыр қағанатының (646-845 жж.) құлдырауынан кейін 845 жылы Оңтүстік Сібірден, Моңғолиядан Батысқа қарай қайтты. Олар Тәңір-Тағаның (Аспанды тау) солтүстік және оңтүстік бөлігіне орын тепті, Турфан және Тарим алқаптарындағы ұйғырлармен араласып кетті. Сондықтан аймақтың музыка тарихының кейінгі 9 ғасыры қазіргі таңдағы ұйғырлардың мұрасы деп айтуға болады. Көптеген қытай деректері музыка «Батыс Аймақ» деп атайтын Шығыс Түркістанда пайда болды деген тұжырым жасайды (xiyu). Шежірелердің бірінде Косэн (Qiuci) хандығындағы Суджуп деген музыкант біздің заманамыздағы 567 жылы Вуди қытай императорының сарайына ұйғыр ханшайымымен келіп, теорияның жеті стилі мен бес тондарымен таныстырады. Сун және Тан (VII-X ғғ.) династияларының құрылғанынан бері Қытайда Косэн, Идикут (қазіргі Турфан), Ивиргхол (қазіргі Кумул), Удун (қазіргі Хотан), және Суле (қазіргі Кашгар) хандықтарының музыкалары танымал болды. Бұл хандықтардың музыканттары императорлар сарайында өнер көрсетіп, сонымен қатар Қытайдың ірі қалаларында жаңа музыкалық аспаптары мен репертуарларымен таныстырды. Олардың танымалдылығын сол уақыттағы поэзияға жасалған сілтемелер айғақтайды. Тарихшылар қытайдың және жапон импеторларының сарайларында өнер көрсеткен танымал труппа Танг Даку Шығыс Түркістанның Ұлы әуендерінің (chong küy) мұрагерлері деген сенімде. Цин сарайының шежірелерінде Батыс Аймағының пайтша сарайында «Сэнэм», «Джула», «Саликха» пьесаларынан үзінді айтқан сегіз музыканттар аталады, бұл пьесалардың атаулары қазіргі таңдағы ұйғыр мұқамдарында сақталған.

Ирада, уйгуры ШУАР

Ұйғыр халық музыкасы, басқа түркі халықтарының музыкасы сияқты, жанрлардың бай және көптүрлілігімен ерекшеленеді (еңбек, ғұрыптық, лирикалық, ғашықтық, үйлену және т.б.). Соның ішінде тарихи, еңбек әндері және халықтың көп азап шеккен тағдырын баяндайтын әлеуметтік наразылық әндері ерекше. Әлеуметтік наразылық әуендері әртүрлі болды – адами қасиеттер, адамгершілікті қорлауға қарсылық, заңсыз жәбір көрсетуге наразылық, әйел теңсіздігіне деген келіспеушілік және т.б. М.Горькийдің әлеуметтік қарсылықты бейнелеуі бойынша – «тірі, әділеттілік үшін күрескен халық күресін айтушы тарих».

Автономия қалыптасқан Шуар-дағы ұйғыр мәдениетіне көршілес елдердің мәдениеті аса ықпал ете қоймады. Нәтижесінде, Орталық Азия аймағында өмір сүретін ұйғырларға қарағанда, Шуар-дағы ұйғыр музыкасы көне дәстүрлі құбылыстарды сақтап қалды. Бұл дерек маңызды, өйткені автономия еркіндікті, белгілі бір шектеуді талап етеді. Мұның бәрі тұйық кеңістікте орналасқандықтан ұйғыр өнерінің дамуына мүмкіндік берді, Ұйғырлардың этникалық және аймақтық бытыраңқылығы халықтың мәдени мұрасына, және музыкасына әсерін тигізбей қоймады (Кабиров М.Н.).

Түркітілдес халықтардың музыкасы

Ұйғыр фольклорлық әндерінің айтарлықтай ерекшелігі – күнделікті халық өмірімен тығыз байланыста, тұрмыстың барлық қырларына қатысты болуы. Олардың көптүрлілігі (мновариантность) ұйғыр халқының музыкалық қабілетінің сарқылмайтындығын білдіреді. Сірә, ұйғырлардың рухани әлемін ешқандай шығармашылық сала аша қоймады

Қорыта келе айтарымыз, бұл мақала арқылы ұйғыр халқының музыкалық мәдениеті тіралы қысқаша мәлімет берілді, халықтық-кәсіби әншілердің жадында сақталған үлгілер бар, оларды әншілер өз интерпретациясында орындайды. Қазақстандағы ұйғырлардың халық әндері түрлі әуезділігімен ерекшеленеді. Сондықтан, зерттеу өзектілігі, ең алдымен, музыкалық фольклордың ұқсастықтары этникалық халықтарының белсенді дамыту процестерін көрсетеді. Қазіргі таңда бұл сала, әсіресе түркітілдес халықтардың музыкалық мәдениеті дамыту барысында өз деңгейінде зерттеуді қажет етеді.

Түркітілдес халықтардың музыка

Хадиша ДОМУЛЛАЕВА, өнертану магистрі,

М.О.Әуезов атындағы

Әдебиет және өнер институты

, , ,

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *