Музыка теориясы бойынша Кіші Олимпиада

12-13 сәуір 2021 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы ҚР орта оқу орындарының студенттері арасында «Музыка теориясы» білім бағдарламасы бойынша музыкалық -теориялық пәндерден Кіші олимпиаданы өткізді.

Олимпиаданың мақсаты-жас таланттарды қолдау, зерттеу қызметіне қызығушылықты дамыту, ғылыми білімді тарату және танымал ету.

Қатысушылар: «Музыка теориясы» мамандығы бойынша оқитын ОМОО студенттері:

  • ҚР музыкалық колледждерінің – 3,4 курс студенттері;
  • ҚР арнайы музыкалық мектеп-интернаттарының -11, 12 сынып оқушылары.

Қатысу шарттары: Онлайн-формат

Кіші олимпиаданы өткізу ережелері:
1 кезең – эссе ұсыну;
2 кезең – гармония және сольфеджио.

Байқауға қазылық жасаған қазылар алқасының төрағасы:

Шапилов В.А. – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Музыкатану және композиция» кафедрасының доценті, өнертану кандидаты болды.

Төрешілердің құрамында:

Өтеғалиева С.И. – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Музыкатану және композиция» кафедрасының профессоры, өнертану докторы

Қалымова Ғ.Д. – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Музыкатану және композиция» кафедрасының доценті, өнертану ғылымдарының магистрі

Нұсупова А.С. – Құрманғазы атындағы Қазақұлттық консерваториясының «Музыкатанужәне композиция» кафедрасының доценті, өнертану кандидаты

Ғазизова Л.Ш.– Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Музыкатанужәне композиция» кафедрасының аға оқытушысы

Жүлделі орынға ие болғандар:

І орын иегері : Семғалиева Райгүль
Құрманғазы атындағы Орал музыкалық колледжінің 4 курс оқушысы.
Эссе тақырыбы: «Көрнекті композиторлар шығармашылығындағы вальс жанрының дамуы».
Оқытушылары – Косенко Людмила Владимировна, Пухнатова Ольга Адамовна.

ІІ орын:
Арыстанова
Данашым
П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің 4 курс оқушысы.
Эссе тақырыбы: «А. Затаевич шығармаларындағы халық әндерінің өңдеулері».
Оқытушылары – Кузнецова Лилия Николаевна, Горячева Татьяна Викторовна.

Шерер Ольга
П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің 3 курс оқушысы. Эссе тақырыбы: «Чарльз Айвз шығармашылығындағы симфония жанры».
Оқытушылары -Яковенко Надежда Александровна, Яготинцева Ирина Николаевна.

Надирбекова Айша
П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің 4 курс оқушысы.
Эссе тақырыбы: «Ш. В. Альканның фортепианолық миниатюра жанрына қосқан үлесі» («op. 39 минорлық тональдіктердегі он екі этюд» жинағы үлгісінде)».
Оқытушылары – Кузнецова Лилия Николаевна, Горячева Татьяна Викторовна.

ІІІ орын:
Свириденко Ангелина
П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің 3 курс оқушысы.
Эссе тақырыбы: «Мәдениеттерді салыстырудағы Романтизмнің негізгі принциптері».
Оқытушылары – Яковенко Надежда Александровна, Яготинцева Ирина Николаевна.

Рахимова Айя
А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚММИ 11 сынып оқушысы.
Эссе тақырыбы: «XIX ғасырдың екінші жартысындағы орыс өнеріндегі А.Н. Островскийдің Ақшақар бейнесінің көрінісі»
Оқытушылары – Бекжигитова Алима Муратовна, Кдырниязова Жанна Қамбарбековна.

Игнатенко Мария
П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің 4 курс оқушысы
Эссе тақырыбы: «Қазақстанның музыкалық өнеріндегі рок – опера жанры (Т.Мұхамеджановтың «Жерұйық» рок-операсы негізінде)».
Оқытушылары – Кузнецова Лилия Николаевна, Горячева Татьяна Викторовна

Олимпиада жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар жақсы дайындықпен келген. Орындаушылық шеберлігімен, білім деңгейлерінің сапасы мықты екенін дәлелдеді.

Қатысушылар І-турда өздері дайындап келген тақырыптары бойынша жарқын презентацияларын көрсетті, баяндамалары бір-бірінен қызық болды.

Олардың ішінен келесі презентацияларды атап өтуге болады.
Шерер Ольганың алған тақырыбы: «Чарльз Айвз шығармашылығындағы Симфония»

Музыка теориясы бойынша Кіші Олимпиада

Бұл эсседе қатысушы материалдарды толықтай жинап, тақырыпты айқын көрсете алды. Ольга орындаушылық дәрежесінің жоғарғы деңгейде екенін дәлелдеді.

4 курс студенттері араларында Надирбекова Айшаның дайындаған «Ш. В. Альканның фортепианолық миниатюра жанрына қосқан үлесі» («op. 39 минорлық тональдіктердегі он екі этюд» жинағы үлгісінде)»

атты тақырыбы өзінің өзектілігімен қызықтырды. Айша тақырыпты жан-жақты түрде ашып, француз композитордың музыкасының бейнелік жақтарына, күрделі техникасына көңіл бөлді.

Орал колледжінен қатысқан Семғалиева Райгүль

«Көрнекті композиторлар шығармашылығындағы вальс жанрының дамуы» атты Презентациясында музыка мен поэзия жанрларын қосып, тамаша Баяндама жасады.

Музыка теориясы бойынша Кіші Олимпиада

Материалдар мен суреттердің сәйкестігі өзіне тартады.

Олимпиада біткеннен кейін біз І орын иегері Семғалиева Райгүлден сұхбат алдық.

― Сәлеметсізбе, Райгуль! Сізді бүгінгі Олимпиаданың сәтті аяқталуымен құттықтаймыз! Дайындық барысында қандай қиындықтар туындады?

Кеш жарық! Рахмет! Дайындық барысында, әрине, қиындықтар болды, оның үстіне қобалжу да бар. Бірақ ұстаздарыма рахмет, маған сенім білдіріп, дайындық барысында өзімде де сенімділік пайда болды.

― І күні баяндаған Презентацияңыз көңіліңізден шықты ма?

Ия, көңілімнен шықты. Өте қызықты, әсерлі болып шықты деп ойлаймын. Барымша әдемі жеткізуге тырыстым.

Қатысушылардың қайсы бірін атап өтер едіңіз?

Қатысушылардың барлығы мықты. Алматы қаласының П.Чайковский атындағы музыкалық колледжінің студенттерінің деңгейі жоғары болды. Менде басында қорқыныш ұялады, кейіннен дайындыққа көп көңіл бөлдім.

Әр қатысушының жобасы әр түрлі, көптеген ой түйеді. Сөйлеу мәнері, әрі ойды дұрыс жеткізе білу, сұрақтарға жауап беру, әрі ситуациядан шыға білу сияқты баға жетпес тәжірибелер алдым.

Олимпиададан қандай әсер алдыңыз?

Бұл байқаудың қашықтықтан өткеніне қарамастан көп әсер алдым. Байқауға дайындық, оның нәтижелерін күту, қобалжу-бұның бәрі жеткізе алмастай әсер берді. Осы конкурсқа қатысып үлкен тәжірибе алдым.

Шынымен, І орын аламын деп ойламадым. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының белгілі ұстаздарымен танысқаныма өте қуаныштымын. Болашақта осы оқу орнына түсемін деп мақсат қойдым. Мені олимпиадаға дайыедаған ұстаздарыма – Пухнатова Ольга Адамовна мен Косенко Людмила Владимировнаға мың алғыс білдіремін.

Сонымен қатар, бізді екі күн бағалаған қазылар алқасына көп рахметімді айтамын!

― Райгул, сұхбатыңызға көптен көп рахмет! Сізге шығармашылық табыс тілейміз! Биік белестерге жете беріңіз!

Музыкатану мамандығы бойынша Кіші Олимпиаданың ұйымдастырушысы, музыкатану және композиция кафедрасының доценті Қалымова Ғалия Дәлелханқызымен де сұхбат өткіздік.

Ғалия Дәлелхановна, Сізді шын жүректен осындай үлкен Байқаудың сәтті, жоғары деңгейде өтуімен құттықтаймыз!

Олимпиада Сіздің жоспарлағаныңыз бойынша өтті ма?

Рахмет! Биыл П.Чайковский атындағы АМК-ның, Құрманғазы атындағы Орал музыкалық колледжінің, А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған қазақ мектеп-интернатының оқушылары қатысты. Ия, осы жылдың деңгейі өте жоғары болды.

Бірінші күні қатысушылар өздерінің эссе -презентацияларын көрсетеді. Бұл тапсырма тек теориялық білімді, практикалық дағдыларды анықтауға ғана емес, сонымен бірге эрудицияны көрсете алуға, кәсіби қызығушылыққа, ұйымдастырушылық қабілеттерге, актерлік шеберлікке және т. б. бағытталған. Презентациялар өте қызықты болды. Олардың ішінде өзекті тақырыптарға бағытталған Баяндамаларды айту жөн. Мысалы, Игнатенко Мария Қазақстанның музыкалық өнеріндегі рок-опера жанрының дамуына арналған тақырыбында Т.Мұхамеджановтың «Жерұйық» рок-операсына талдау жасады;

Надирбекова Айша музыкатану саласында толық зерттелмеген француз композиторы Ш. В. Альканның музыкасына назар аударды – «Ш. В. Альканның фортепианолық миниатюра жанрына қосқан үлесі» («op. 39 минорлық тональдіктердегі он екі этюд» жинағы үлгісінде)»;

Семғалиева Райгүль тамаша әдеби- музыкалық композиция жасады – «Көрнекті композиторлар шығармашылығындағы вальс жанрының дамуы»;

Шерер Ольга «Чарльз Айвз шығармашылығындағы Симфония» деп аталатын тақырыбымен композитордың симфониялық туындыларына шолу жасады.

Екінші күні қатысушылар гармония мен сольфеджио пәндерінен практикалық тапсырмаларын орындады. Ол модуляция мен бірдауысты номер айту.

Алдынгы жылгы откен олимпиалардан айырмашылығы бар ма?

 Әрине, бар. Биылғы жылы тек «Музыка теориясы» мамандығы бойынша оқитын балалар үшін өткіздік, өйткені бұл іс-шараның басты мақсаты – кәсіптік бағдар беру, колледждердің теориялық бөлімдерінің оқушыларын Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «музыкатану» мамандығына түсу үшін тарту болды.

Сонымен қатар, осы жылы алғашқы рет онлайн – форматта өткіздік. Бұл біздің алғашқы тәжірибеміз болды, бірақ, менің ойымша, Байқауды абыроймен өткіздік, ешқандай іркілістер болған жоқ, барлығы техникалық жағынан әзірленді.

― Ұйымдастырушылық жұмыстар өте жоғары деңгейде болды деп, қатысушылар мен олардың жетекшілері бізбен өз пікірлермен бөлісті.

Олимпиаданың жақсы деңгейдегі өтуі – біздің алдын ала жасаған жұмыстарымыздың нәтижесі. Екі айдың ішінде үлкен жұмыс жүргізілді. Онлайн формат болғандықтан, бірінші және екінші турларға қойылатын барлық техникалық талаптарды жоспарлау, екінші турға билеттерді дайындау және т.б. Қатысушылар мен олардың жетекшілері үшін ватсапта чат ұйымдастырып, олармен алдын ала Zoom платформасында кездесіп, бірге дайындық шаралар өткіздік. Комиссия құрамында болған музыкатану және композиция кафедрасының құрметті ұстаздарына үлкен алғысымды білдіргім келеді. Осы Байқауға ат салысып, гармония мен сольфеджио билеттерін дайындағын Шапилов Виталий Александровичке, өзінің Zoom платформасын пайдалануға мүмкіндік берген Газизова Лилия Шамильевнаға көп рахмет!

― Ғалия апай, уақытыңызды бөліп сұхбат бергеніңіз үшін үлкен Сізге рахмет! Осындай байқауларды ұйымдастырып, оқушылардың музыкалық біліктілігін жетілдіріп жатқандарыңыз мақтауға тұрарлық!

Қорыта айтқанда, «Музыка теориясы» білім бағдарламасы бойынша Кіші олимпиада өте жоғары деңгейде және әділ өткізілді. Қазылар алқасы мүшелеріне және қатысушыларға көп рахмет!

 

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық Консерваториясының
музыкатану және композиция кафедрасының
3 курс студенттері
Роза Қаипова, Қарлығаш Мамадияр.

Жетекшісі – музыкатану және композиция кафедрасының доценті Ғалия Қалымова

,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *